Ортағасырлық Хорезм мемлекеті
Автор: Lincoln97 • Март 28, 2018 • Реферат • 9,314 Слов (38 Страниц) • 1,729 Просмотры
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Бекітемін»:
«ҚТ және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі
Абуов Н.А.
____________________________
«___» ___________2017 ж.
РЕФЕРАТ
«Ортағасырлық Хорезм мемлекеті»
5В011400 «ТАРИХ»
АВТОР Хайрушева К.С.[pic 1]
(Т.А.Ә) (қолы, күні)
ЖЕТЕКШІ Картова З. К. ___________
(Т.А.Ә.) (қолы, күн
Петропавл, 2017[pic 2][pic 3]
Кіріспе
1. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы.
- Хорезмшах әулетінің құрылуы мен саяси аренаға шығуы
1.2.Хорезмшах мемлекетінде тақ-таласының белең алуы және империя дәрежесіне көтерілуі
2. XIII ғасырда мемлекеттің шарықтауы мен жойылуының алғы шарттары.
2.1 Хорезмшах мемлекетінің XIII ғасырда жүргізген сыртқы саясаты
2.2.Хорезмшах мемлекетінің қирау факторлары мен барысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Хорезм мемлекетінің ең бай, дамыған мәдениеті – Хорезмшах болды. XI-XII ғ.ғ. Шығыстағы ең қуатты мемлекеттің тегі түрік болды. Хорезм аймағы тарих бойы маңызды орталықтардың бірі болды. Ұлы Салжұқ мемлекеті ыдырағаннан кейін тәуелсіз мемлекетке айналды, орталығы – Үргеніш болды. Үндістаннан Кавказға дейінгі аралықты қамтып жатқан Хорезмшахтар дәуірінде мәдениет пен өнер дамуындағы секіріс байқалады. Бұл секіріс өз көрінісін зайырлы мен діни ғимараттардың құрылысында, қыш құмыраларды жасау технологиясының дамуында тапты. Моңғол жаулап алуынан кейін Хорезм Алтын Орда құрамына кіріп, мәдени дамуына, сауда дамуына көп ықпал тигізді. Үргеніш - керуен жолдардың тоғысқан жерінде орналасып, Орталық Азия қалаларымен байланыста болды. Хорезмдердің мәдени дамуы біресе өрлеу, біресе құлдырау үстінде болса да, қазіргі қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтарына ықпал етеді.
Тарихнамасы: Хорезм мемлекеті жайында елімізде дерек көздері өте аз. Тек қана монғол шапқыншылығы тұсындағы мемлекеттің саяси тарихы кеңінен айтылған. Алайда осы мемлекеттің қайдан шыққаны және құрылғаны бізге көп таныс емес. Деректер көбіне парсы-араб тілдеріңде жазылған. Сонымен қатар қазіргі таңда орыс, түрік тілдеріне тарихшылар аударып зерттеген, сонымен қатар батыс елдерінің зерттеулері де кездеседі. Әрине бізде жоқ деп айтуға болмайды, бірақ өте аз зерттелген.
Хорезмшахтар туралы жазылған аса құнды еңбектердің бірі - Зия Буниятовтың «Государство Хорезмшахов-Ануштегинов. 1097-1231» атты кітабы. З. Буниятов өз еңбегінде Алаяаддин Мұхамметтің мықты мемлекет негізін қалап, Моңғол империясына қарсы Хорезм, Кавказ, Кіші Азия аймақтарында да күрес жүргізгендігін дәлелдейді. [1].
Хорезмшахтардың өрлеуі мен державаның тарихы туралы В. В. Бартольд « Моңғол шапқыншылығы кезіндегі Түркістан» [2] мен С. П. Толстовтың « Ежелгі Хорезм өркениетінің іздерімен» [3] атты еңбектерде баяндалады. Бартольдтың еңбегінің жариялануына сексен жылдан астам уақыт өтсе де, құңдылығын жоғалтпады Н.Н.Бартольдтың тұжырымдауына карағанда "Хорезм басқа аудандармен салыстырғанда түріктердің әсер етуіне бой алдырды. Осыдан бастап XI соңғы жылдарында Хорезм билеушілерінің дені түрік есімдерімен аталды" деп жазды. Бартольд еңбегі Ибн ал-Асира, ан-Насави, Джувейни, Рашид ад-Дина жұмыстарына, ресми іс-қағаздарға негізделген болса да, Ибн әл-Фувати, Ибн ас-Са'и, Ибн ад-Дубайси, әл-Йазди, ан- Нишапури, әл-Хусайни сияқты араб-парсы авторларының жазбаларына қатысты емес. Алайда, кейінірек Йакута әл-Хамавидің «Әдебиетшілер сөздігі», ас-Субкидің шафииттер биографиясы, ас-Суйути шығаралары Хорезмшахтар тарихын қайта жазу үшін құнды деректер бере алатындығы анықталды.
...