«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Автор: makonya • Февраль 28, 2018 • Контрольная работа • 2,211 Слов (9 Страниц) • 2,938 Просмотры
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау | |
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Бiз қалада тұрамыз. Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi. Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаламыз өте таза. Қалада стадион, театр, саябақ бар. Мектептің қасында қаламыздағы ең үлкен кітапхана орналасқан. Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Мен өз қаламды жақсы көремiн.
Мектептің қасында үлкен саябақ орналасқан. Ақиқат Жалған Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Ақиқат Жалған
| |
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау | |
Тапсырма | |
А-ю, түлкі, қасқыр ү-ше-уі жарысты. Қор-баң-да-ған а-ю араның ұ-я-сын бұзып кетті. Аралар а-ю-ды талай бастады. Араға та-лан-ған а-ю тез жү-гір-ді. О-сы-лай-ша а-ю бә-рі-нен озып кетті.
Айжанның, тігінші, анасы. Айжанға, тікті, ол, көйлек, әдемі. Көйлекке, түрлі, оюлар, әр, салды.
|
«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Ертегіні мұқият тыңдаңыз және тапсырмаларды орындаңыз.
Түлкі мен тырна
(Ертегі)
Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырып:
– Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, – дейді.
Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі оның алдына табаққа салынған ботқаны қойыпты да:
– Кел, қымбаттым, қысылма. Тамақ же, – депті.
Тырна ұзын тұмсығымен жалпақ ыдыстағы ботқаны жей алмапты.
Келесі күні тырна енді түлкіні қонаққа шақырыпты. Ол түлкіге арнап салқын көже дайындайды. Көжені мойны тар құмыраға құйып береді. Түлкі қанша әуреленсе де, құмырадағы тамақты жей алмайды. Түлкінің басы құмыраға сыймады. Ал тырна ұзын тұмсығымен өз тамағын өзі жей беріпті. Түлкі тамақ жей алмай, үйіне аш қайтады.
Осылайша түлкі мен тырна достықтарынан ажырапты.
1. Ертегінің кейіпкерлерін жазыңыз _______________________________________
[1]
2. Тыңдаған ертегіге сәйкес суретті тауып, белгілеңіз.
[pic 1][pic 2][pic 3]
А) В) С) D)[pic 4]
[1]
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертегі неден басталды?
Ары қарай не болды?
Ертегі немен аяқталды?
[3]
Оқылым
- Мәтінді оқыңыз.
Заттың атын білдіретін сөздердің астын бір сызықпен сызыңыз.
Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын екі сызықпен сызыңыз.
...