Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептегі технология сабағын өткізу әдістері

Автор:   •  Апрель 30, 2018  •  Курсовая работа  •  10,875 Слов (44 Страниц)  •  958 Просмотры

Страница 1 из 44

Кіріспе

Ұлттың бүгіні  де,  болашағы  да  тәрбиелі ұрпаққа  байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің  қоғам  алдындағы  борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт  тағдыры  демекші, ұлт  болашағы  оның білімді,  талантты,  адамгершілік  асыл қасиеттерді  бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет  кезінде  көмектесуге  болады, ал үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік,  яғни  адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар шешуші роль атқарады.

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым  бола  алатын – адал  еңбек,  мінсіз  ақыл,  таза  жүрек.  Бұл  сапаларға адамды  дүниеге  келген  күннен  бастап  тәрбиелеу  керек» - деген  Шәкәрім атамыздың терең ойын негізге ала отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік рухани қайнарын  сіңіріп,  мінез-құлқын  тәрбиелеу үшін  жалпы  адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуды тәрбиелеу ұстаздар міндеті болып табылады.

Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.

Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.

Зерттеу  жұмысының  өзектілігі:

Мектептегі  технология  сабақтарында жаңа инновациялық  әдістерді ыңғайлысын,  яғни  пәнге  келетітінін  таңдап  алып,  зерттеп,  тиімді  жолдарын  қарастыру.  Сонымен қатар,  ол  әдістердің  оқушы  ынтасын  арттыруына,  білімін  толықтыруға,  эстетикалық  талғамын  қалыптастыруға ықпалы  боларын  анықтау.  

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.

Диплом жұмысының  мақсаты – технология  сабағында  инновациялық  әдістерді  қолдану барысында:

  1.  Әдістеме  түрлерін  зерттеу және де  технология  пәніне  ыңғайлы, яғни  технология  түрлерін  анықтау;
  2. Технология  пәніндегі  инновациялық  әдістің оқушыға  тәрбиелік және  танымдық  тұрғыда  берер  әсерін  зерделеу;
  3. Сәндік-қолданбалы бұйымдарының  ішінде құрақ  құрау  өнерінің маңыздылығы.
  4. Диплом  жұмысының  нәтижесінде  сәндік қолданбалы  өнер топтамасы,  қолөнер  бұйымының  бірі – заманауи  үлгідегі құрақ көрпе және  жастықшалар.  

Зерттеу міндеті:

  • Мектептегі технология пәні сабақтарында  жаңа  инновациялық  әдістерді зерттеу,  олардың  тиімді  жолдарын  қарастыру;
  • Инновациялық  әдістерді үйрету  барысында оқушылардың қызығушылығын  арттыратын тапсырмаларды  анықтау;
  • Мектеп  қабырғасындағы жеткіншектерді  тәрбиелеуде  технология сабағанының  алатын орнын  анықтау.  

Зерттеу  жұмысының  нысаны: Жалпы  білім беретін  орта  мектептерде  технология  сабағында  жаңа инновациялық  әдістерді қолдану  жолдарын  анықтау.

Диплом  жұмысының  жаңалығы:Түрлі  әдістермен  танысып, зерттеп,  ішінен  технология  пәніне  қажеттісін  іріктеу  арқылы жаңа инновациялық  әдіске көмекші  нұсқама  ретінде қолдану,  сонымен  қатар дәстүрлі  әдісті  жаңартып,  инновациялық  әдіске  сәйкестендіру  барысында  жазған  диплом жұмысым  мектеп  мұғалімдеріне  әдістемелік көмекші  құрал  ретінде  пайдаланса  болады.  

...

Скачать:   txt (154.1 Kb)   pdf (943.3 Kb)   docx (854.9 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club