Сын есімдерді тыңдалым арқылы меңгерту жолдары
Автор: salimagornoe1985 • Сентябрь 4, 2022 • Доклад • 1,013 Слов (5 Страниц) • 249 Просмотры
Түс пен талғам: сын есімдерді тыңдалым арқылы меңгерту жолдары
Тыңдалым - ауызша сөйлеу немесе арнайы аудио материалдар мен подкастарда берілген ақпаратты қабылдауға, түсінуге және белсенді қайта өңдеуге байланысты күрделі рецептивті ойлау қызметі. Сөйлеу қызметінің теориясы тұрғысынан тыңдалым - бұл сөйлеуді қабылдау және түсіну процесі. Психолингвист И.А. Зимняя сөйлеу қызметінің түрі ретінде тыңдалымның мынадай сипаттамаларын атап көрсетті: ол - ауызша және тікелей қарым-қатынасты іске асырушы, сөйлесу процесінің реактивті және рецептивті түрі болып табылады. Тыңдалым ауызша коммуникацияны меңгеруден басталатын қарым-қатынас негізін құрайды. Ол қабылданатын дыбыстарды ажырата білуді, оларды мағыналық сипаты бар тіркестерге түрлендіруді, қабылдау кезінде жадында сақтауды, алдағы қабылданатын ақпараттың мағынасын алдын ала жоспарлауды және қарым-қатынас жағдайына сүйене отырып, қабылданатын дыбыстық ақпаратты түсінуді қамтиды [1, 56]. [a]
Жалпы тілді үйрену кезінде екі негізгі мақсат басшылыққа алынады: сол тілдегі сөздерді түсіну және оны айта білу. Түсіну процесі тыңдалым дағдысы жақсы дамыған кезде тиімді жүзеге асады және өз нәтижесін береді. Кез келген тілді оқытудың негізгі бағыттары 4 дағдыны қамтиды:
- тыңдалым;
- айтылым;
- оқылым;
- жазылым
Тілді көбінесе оның лексикасы мен грамматикасын меңгертуден бастау - бұрыннан қолданыста жүрген әдістердің бірі, бірақ ол бірден сөйлеп кетуге кепілдік бола алмайды. Жаңадан үйреніп бастаған тілді меңгертуді тыңдалым дағдысын қалыптастырудан бастаған нәтижелі екендігіне әлемдік тәжірибелер арқылы көз жеткізуге болады. Өйткені өзге тілдегі сөзді есту арқылы қабылдау маңызды фактор болып табылады, себебі адам жазғаннан гөрі өзара жиі сөйлеседі және тыңдайды. Тіпті бала да жазу-сызуды білмей тұрып, ауызша сөйлей бастайды, яғни тілі ауызша шығады. Алайда тыңдау бар да, тыңдалым дағдысын қалыптастыру бар. Өйткені адам әуенді тыңдайды, бірақ оны ұққаны не ұқпағаны туралы ешкімге есеп бермеуі ықтимал. Ал тыңдалым белгілі бір мақсатқа құрылады да, қандай да бір жауапкершілік жүктейді. Адам өзіне қажетті ақпаратты табу үшін тыңдауы мүмкін, ол кезде естігенінің арасынан маңызды ақпаратты анықтауға, оны есінде сақтауға тырысатыны анық.
Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды, ауызша қарым-қатынасты меңгеру де осыдан басталады. Ол қабылданған дыбыстарды саралау, оларды семантикалық кешендерге біріктіру және есте сақтау, қарым-қатынас жағдайына сүйене отырып, қабылданған дыбыстық тізбекті түсіну қабілетінен тұрады. Тыңдалым көздері ретінде:
- аудиокітаптар мен диалогтер;
- әндер;
- сериалдар, ондағы кейіпкерлердің репликалары;
- адамдардың өзара сөйлесуі (әңгімесі) тыңдау, оны ұғыну;
- аудиотаспа тыңдап түсіну,
- теледидарлар арқылы берілетін түрлі бағдарламалар;
- подкастар дайындау немесе оларды тыңдау.
Тыңдалым - тілді оқытудың заманауи әдістемесіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі, өйткені ауызша қарым-қатынас тыңдалымсыз мүмкін емес. Ол-есту арқылы қабылданатын сөйлеуді түсіну. Тыңдалым дыбыстық сөйлеуді мұқият тыңдауға, тұжырымның семантикалық мазмұнын болжай білу қабілетін қалыптастыруға және осылайша тыңдау мәдениетін шет тілінде ғана емес, ана тілінде де қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тыңдалым тіл үйренушіге не береді:
- қолданыстағы ауызекі сөйлеуді түсіну қабілетін дамытады;
- лексиканы тез есте сақтау ықтималдылығын арттырады;
- айтылым дағдысын жақсартады;
- тілдік ортаны сезінуге ықпал етеді.
Тыңдалым - айтылым, оқылым және жазылымнан гөрі қиын тіл үйрену дағдыларының бірі. Кез келген тыңдалым - (лат. audiare – «есту») өте күрделі процесс. Тек тыңдауды ғана емес, сонымен қатар естуді үйрену оңай емес. Әдістемеде тыңдауды үйренудің екі жолы бар. Бірінші әдіс арнайы жаттығуларды орындау барысында тыңдалымды оқытуды ұсынады. Екінші әдіс ауызша сөйлесу барысындағы ақпаратты түсіну қажеттігін ұсынады. Тыңдалымды қай уақытта сабақ процесіне қосу керек деген мәселеге байланысты көптеген ғалымдар (Н. Д. Гальскова) А1, А2 деңгейінен бастап қолдана беруге болатындығын айтады. [pic 1]
...