Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рухани жаңғыру

Автор:   •  Октябрь 7, 2022  •  Реферат  •  1,214 Слов (5 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 5

Жоспар:

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

1.1 Кіріспе.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында жарияланған еді. Бұл мақаланың мәні, мақсаты ол мақаланың атына сай елдің көркейуіне дем беретін халықтың рухани кемелдікке жетуі болды. Рухани азығы аз халық, халық болып қалыптасуы, мемлекет болып алға қарай жылжуы, экономикасының дамуы және т.б кедергі құбылыстар орын алады. Аталған құбылыстарды алдын алу мақсатында, білім жолында бірнеше жақсы жобалар жасалды. Бұл жобалардың мақсаты оқушардың әлемдегі ең жақсы деген деректермен таныс болуы, өзінің халқы туралы әдет-ғұрпын білуі, халықтың өзінің ұлттық кодын сезінуіне бағытталған еді. Соның барысында тек қана қалыпты болып қалған жолмен емес, біз үшін жаңашыл жолдарды да қарастыру болып табылады. Сәйкес негізгі ой ол халық болып, бұрынғы кер-тартпа әдеттерден айырылып жаңа болашаққа жаңа бастаулармен, жаңа әдеттермен даму еді.  Толығырақ тоқталу үшін әр бөлімге жеке- жеке тоқталып, соңында ойымды қорытындылап кетемін.

1.2 Жаңғырту бағыттары.

        Жалпы халық, жастар, елдің жұмыс күші неғұрлым өз мамандығында сауатты, шебері болған сайын табысы да мол болады. Ал ол үшін жақсы теориялық білім мен жақсы меңгерілген практикалық жұмыстар қажет. Бірақ көп жағдайда тек бұл фактор емес басқа мамандармен де тәжірбие алмасып отыру қажет. Ал қазіргі кезде әрбір мамандықтың шыңдары шетелдік білімде жатыр. Бірақ оған халқымыздың біраз бөлігінің қолдары жетпейді, тілін білімейді. Сондықтан болашақа, бұрынғымен салыстырғанда сапасы жақсы мамандар даярлау, оған сәйкес бәсекелестіктің де даму, халықты жасынан тілді меңгеруге шарт қою. Аталған жұмыстар «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

        Халқымыздың жақсы қасиет, дағыдыларымен қатар, кем тұстары да жеткілікті. Кемішіліктер, барлық халықта, адамда болады, бірақ бар деп отыра беруге де болмайды. Сондықтан әр кім өз-өзімен жұмыс жасап, дамуға жолын ашу қажет. Ал Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Осы негізде еліміз өзінің байлықтарын нақты анықтап, дамуында қолдана білуі қажет. Өз мүмкіндіктерімен, кемшіліктерін білген жақсы. Ал ең жақсысы мүмкіндіктерін барынша қолданып, кемшіліктерін жойуға тырысқан жақсы. Мемлекетіміздің негізгі ұрандары да нақтылыққа және осы прагматизмге негізделі керек. Яғни қолдан келетін нақты амалдарда жасаумыз керек.  

        Біздің ұлттық кодымыз бар, біз Қазақпыз. Бірақ бертін келе халқымызға жақсы жағынан, жаман жағынан да әсер еткен факторлар көп болды. Соның әсерінен халқымыз түрленді. Дегенмен қазір бір тұтас мемлекетпіз. Егемендігіміз сақтап қалу үшін, біз өз-өзімізді тануымыз керек. Мысалы шет-елдерде мәдениеті дамыған деп біз сол жүйені еңгізгіміз келеді. Әрине мәдениті жақсы дамыған, бірақ кемшіліктері де бар. Және әр мәдениет өз-басын өзі дамиды. Яғни басқаға қарап, тура сондай болу емес өзіндік табиғи сипатында болу. Дәл сол секілді шет мәдениеттерді өзімізге енгізу емес, өз мәдениетімізді қалпына келтіру керек. Яғни салт-дәстүрлер, тіл, әдебиет, музыканы дамыту ұлттық рухымызды қалпына келтіру немесе қазіргі жағдайда жаңғыру деп аталады. Біріншісі – ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміз сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа кемшіліктерді барынша жойуымыз керек.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (125.4 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club