Н. Ә .Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру»
Автор: DILNAZ13 • Ноябрь 1, 2018 • Творческая работа • 589 Слов (3 Страниц) • 991 Просмотры
12.04.2017 ж. Елбасы Н. Ә .Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласын жолдады. Елді елең еткізер көптеген жобалар, бағдарламалар енгізілді. Бағдарлама 6 бағыт, 4 кіші бөлімнен тұрды. ХХІ ғасырдағы Ұлттық сана бөлімінде айтылған әр бағдарламаның болашақ үшін маңызы зор болды. Яғни, аты айтып тұрғандай «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» болашаққа қадам басып, алға жылжу үшін бірінші рухани санамызды жаңғыртуымыз қажет. Егер де елімізде қаншама байлық болып, алайда оны пайдаланып, игеретін ақыл-санамыз болмаса құр байлықтың пайдасы қанша? Сол себепті материалдық жағдайымызды жөндеп, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бірінші санамызды дамытуымыз керек.
Бұл яғни, бағдарламадағы 1-бөлімнің 2 -бағыты «Прагматизмге» келіп тіреледі. Біз, қазақ халқы бүгінгі күні өзімізді прагматикпіз деп айта аламыз ба? Әрине, жоқ. Оның бірден-бір дәлелі біз ата-бабамыздан келе жатқан жерді, салт-дәстүрді, байлықты тиімді пайдаланып жүрген жоқпыз. Жалпы, прагматизм деген – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу. Біздің елімізде прагматик адам кемде-кем, себебі әке-шешеміздің кезінде прагматизм дұрыс қалыптаспады. Өзге елдің отарында болды. Сол себепті болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын біз. Елбасы осы жолдауында прагматизм туралы айта отырып ата-бабамыздан келе жатқан мұраны тиімді пайдаланып, бойымыздағы кертартпа қасиеттен арылып, болашақта дамуымызға үлес қосатын қасиеттерді дамытуымыз керек екенін айтты.
Мысалы, ежелде ата-бабамыз жерді қатты құрметтеді, оны тиімді пайдалана алды. Ал қазір біз оны тиімді пайдаланып жүрміз бе? Жеріміз аяусыз жыртылып жарамсыз болып қалды.
Сонымен қатар, атом полигоны сынағы жүргізілген жерлердің тұрғындары онкологиялық ауруларға ұшырады. Жерге, адамдарға зияны тиді. Осындай экологиялық аймақта туылған сәбилер, яғни, біздің болашағымыз не болмақ? «Адам ұрпағымен» дегендей ұрпақтың денсаулығын ойламасақ, оның болашағына қажетті игіліктерді дұрыс пайдаланбасақ 30-елдің қатарына кіргеннен бұрын, құрдымға кетеміз. Сондықтан санамызға прагматизмді енгізе отырып, алға жылжуымыз қажет.
Бағдарламада айтылған тағы бір мәселе – Латын әліпбиіне көшу. Көп адамдар жасқанып, үйренуіміз қиын болады, не қажеті бар деген мәселелер туындады. Латын әліпбиі біздің
...