Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Эссе  •  951 Слов (4 Страниц)  •  881 Просмотры

Страница 1 из 4

БОӨЖ 15. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру.

2017 жылдан бастап еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені белгілі. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалар саяси және экономиканы жетілдіруге бағытталса, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы мен «Бес әлеуметтік бастамасы» тұтас бір қоғамның жаңғыруы мен әлеуметтік әлеуетінің өркендеуіне жол ашпақ.

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру мен бес әлеуметтік бастамасын жариялау арқылы елдегі жүргізіліп отырған реформалардың қоғамымыздың рухани әлеуетін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге бағытталғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Жиырмасыншы ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды» деп атап өтті Елбасы, себебі «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Елбасы бағдарламалық мақаласында ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуының екі қырын атап көрсетті: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, таяу жылдарда нақты жобаларды жүзеге асыру.

Осы тұрғыда, Мемлекет басшысы өмір өзектілігін заман талабымен ұштастыра отырып айқындап берген жалпыұлттық алты жоба қоғамдық сананың жаңғыруында маңызды орын алады. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» біртұтас ақпараттық порталы іске қосылды, «100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталып, көпшіліктің дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары бойынша 400-ден астам мәдени нысан қалпына келтірілді. «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болып, республикалық және өңірлік деңгейде көптеген нәтижелі іс-шараларға ұласты.

Сондай іс-шараның бірегейі – Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дайындалған кітаптарды таныстыру рәсімі. Іс-шарада Елбасының бағдарламалық мақаласындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында қазақ тіліне түпнұсқадан аударылған 18 оқулық таныстырылды. Бұл оқулықтар – еліміздің кітап қорын сапалы әлемдік ғылыми еңбектермен толықтыратын эксклюзивті гуманитарлық кітапхана қалыптастырудың алғашқы нәтижелері.

«Туған жер» жобасы – әр қазақстандықтың бойында патриотизмді, жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бірегей жоба. Бір жылда «Туған жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік 1500 нысан іске қосылып, әлі де жалғасын таба бермек.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Отандық төл мәдениеттің заманауи жетістіктерімен тек қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауымдастықты да таныстыру мүмкіндігі туды.

Қоғамда Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жобасы кең талқыға ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2018 жылдың 20 ақпанында аталмыш Жарлыққа Мемлекет басшысы тарапынан өзгерістер енгізу арқылы латын графикасының тиімді нұсқасы қабылданды.

Зерттеулер барысында тұрғындардың 90%-ы мен сарапшылардың 96%-ы «жаңғыру процестері мен этносаралық тұрақтылық пен келісімнің сәтті жүргізілуінің басты кепілі – Нұрсұлтан Назарбаев» деген пікірге тоқталады. Осы орайда, мемлекет саясатын жаңғырту бастамаларының Бірінші және Екінші толқыны сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,6%-ның оң бағасын алды.

Сауалнама барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған рухани жаңғыру тұжырымын қазақстандықтардың түсіну деңгейін бағалау маңызды болды. Респонденттердің негізгі бөлігі бұл бағдарламадан ұлттық адами капиталдың сапалық кемелденуінің мүмкіндігін көреді. Оның ішінде, респонденттердің 27%-ы қоғамдық сананы жаңғыртуды азаматтардың ойлау жүйесін жаңа дәуірдің талаптарына сай өзгерту ретінде, 27%-ы адамдардың, әсіресе жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру факторы ретінде, 18% – азаматтардың білім алу сапасын арттырудың арқауы ретінде түсінеді. Тағы 15%-ы қоғамдық сананы жаңғыртуды Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы өз білімін кеңейту үшін мүмкіндік ретінде қарастырады.

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (76.2 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club