Рухани жаңғыру – кемелді келешек
Автор: nurshash18 • Март 31, 2018 • Эссе • 640 Слов (3 Страниц) • 1,718 Просмотры
[pic 1]
Рухани жаңғыру – кемелді келешек
«Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек»
Шәкәрім.
Елбасымыздың көрегенді саясаты арқылы еліміздің дамуы үшін қажетті мақсаттарды жыл сайынғы жолдаулар айқындап береді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы да осыған дәлел.
Әлем бір орында тұрмайды және біздің басқалармен сабақтаса дамуымыз заңды екені сөзсіз. Еліміздің дамуы, болашағымыз жарқын болуы үшін, мақалада айтпақшы, саяси ойлап, санамызды дамыту – бізге міндет.
Елдің дамуы үшін бізде негізгі үш нәрсе бар, олар: жер, тіл, мәдениет. Ата-бабаларымыздың қаны мен тері арқылы жеткен жеріміз ерекше табиғатымен, табиғи байлықтарымен халқымыздың мақтанышы. Мәдениетке де баймыз, атадан мұраға қалған қаншама салт-дәстүрлеріміз, музыкамыз, әдебиетіміз ғасырлар бойы тірі. Ал ең негізгі құндылығымыз – ол біздің қазақ тілі, ана тілі. Кешегі бабаларымыздың мақсаты - тәуелсіздігі мығым, туы биік ел құру болса, біздің мақсатымыз: әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Ол үшін мемлекетімізде – бәсекелестік қабілет, сананың ашықтығы, білімнің дамуы салтанат құруы тиіс. Мақсат айқын, бағытымыз белгілі, ол озық елдердің қатарында болу. Бұл істе санамыз ісімізден алда жүруі тиіс.
Жаңғыру – елдің ұлттық-рухани тамырларынан нәр алу. Осы рухани құндылықтар негізінде бәсекеге қабілетті жеке адамның тірлігі ғана емес, халық болып бәсекеге түсіп, одан озып әлем елдері арасынан лайықты орнымызды алу. Осы мақсатта жаһандық нарықта ұтымды дүниемізді ұсынып, тек материалдық құндылық қана емес, білім, қызмет, ғылым, зияткерлік өнімге де зер салуымыз қажет. Келешегіміз табиғи байлығымызға ғана емес, адамдардың бәсекелестік қабілетіне де байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Әр елдің ғасырлар бойы қалыптасқан, қоғам қабылдаған, халық бойына сіңірген бай рухани құндылықтары бар. Осы жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңғі сақталуы тиіс. Сонымен бірге жаңғыру дегеніміз жаңару емес пе?! Сондықтан кейбір теріс дағдылардан, әдеттерден арылуымыз керек. Бұл жоспарларды іске асыратын, әрине, елін, жерін, халқын сүйетін патриоттар. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында оқу жоспарына «Туған жер» бағдарламасы енгізілді. «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналуда.
...