Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
Автор: Салтанат Конысбайкызы • Ноябрь 5, 2018 • Реферат • 675 Слов (3 Страниц) • 1,499 Просмотры
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам!...
Модератор:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын насихаттау мақсатында бүгін міне туған жеріміздің ерекше жерлеріне саяхаттап келіп тұрмыз. Елбасы мақаласында халықтың санасына қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек екенін баса айтқан болаты. Ол үшін кешенді зерттеулер жүргізуіміз әрине қажет-ақ. Мұхтар Әуезовтің сөзі бар“Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер-су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады...” деген болатын.Ал біздің бүгінгі ат басын тіреп келіп тұрған жеріміз бұрынырақта Жібінің тауы аталған деген мәлімет бар. Кейінгі зерттеулер арқылы миллиондаған жыл бұрын алып аспан денесінің құлаған жері яғни "Жаманшың меторит кратері" деген атаумен белгілі болып отырған құпиялы сырға толы мекен. Планетамыздағы теңдесі жоқ табиғат құбылысының біздің Ырғыз жерінде болғанына мақтанамыз. Біз туған жерімідің патриотымыз
Бізді осы сапарға жолбасшы болып алып келген "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты " РММ-сінің қызметкерлеріне сөз береміз.
"Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты " РММ-сінің қызметкерлері Сәулет Олжай Ырғыз өңірінің оңтүстік-батысынан 40 км жерде орналасқан "" Жаманшың аталып кеткен жердің беткі бетінде полезой дәуіріне жататын метаморфтық тау жыныстары бар ерекше жердің бөлігін алғашқылар болып 1939 жылы В.А. Вахрамеев пен А.Л. Яншин аңғарған болаты. Бұл жер сол кезде Жібінің тау аталған, кейіннен картаға Жаманшың атауымен түскен.
1961 жылы Б.В. Пилия сол жерден тау-шұқыры толы түрлі қортпалар, шашылған шыны маншақтарды тапты. Оларды вулканның тау жыныстары ретінде қарастырды.
Кейіннен орыс ғалымы, профессор, геолг П.В. Флоренский 1969 жылы өз зерттеулерінде бұл вулканның емес, үлкен жарылыс, соққының әсерінен деп болжап, 1975 жылы осыдан 1 млн. жыл бұрын осы Жамашыңға он мыңдаған мегеттонна бомбаның қуатындай аспан денесі мереорит түскенін дәлелдеді. Себебі кварц жарықтарынан құрылымдар, жарықтар қалған, ал кварц негізінен 17000С ғана балқиды. Вулкан болса бұндай температура бере алмайды. Осы фактор П.В. Флоренскийге вулкан емес екенін дәлелдеуге негіз болды.
Күю кезінде қызарған саздар, кеуекті және тығыз әйнек осының бәрі жаманшинитте біріккен және әйнекті моншақтар тектитпен теңестірілген кейіннен "иргизит" атауы берілген. Барлық түзілушілер өзінің химиялық құрамымен, өлшемімен, кескінімен, кратерде орналасуымен бір-бірімен ерекшеленеді.
Модератор:Осы жер бұрынырақта Жібінің тауы алалған деген болатынбыз. Енді “Жаманшың” аталуының себебін де “Ырғыз-Торғай МТР” қызметкерлері былайша түсіндірді.
Жібінің тауы аталып, ерте кезден адамдар жайлы қоныс тепкен екен. Бірақ жағымсыз энергияларды байқай келе адамдарға үрей пайда болып, көшіп кетуге мәжбүр болады. Ол жерге баруға жүрексінген адамдар шыңдарды “Жаманшың” деп атап кетіпті. Осы күннің өзінде жалғыз -жарым жүрген адамдарға жаңғырыққан үрейлі дыбыстар шығады -мыс.
...