Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы

Автор:   •  Декабрь 17, 2018  •  Статья  •  1,255 Слов (6 Страниц)  •  1,079 Просмотры

Страница 1 из 6

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы

                 Президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы - бұл терең ұғыну, салмақты пікір, ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін батыл шешімдер негізінде қалыптасқан маңызды құжат болып саналды. Бұл мақалада ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылмаған сананы қайта жаңғырту, оны әлемдік құндылықтармен және Қазақстанның игілігі үшін үйлестіру мақсаттары мен мүдделері туралы өзекті мәселе көтеріледі. Онда  Президентіміз Қазақстан үшін аса маңызды екі жаңғырту үдерісімен бөліседі. Олар саяси реформалар мен экономикалық жаңғырту. Осы екі үдерісті қолға ала отырып , біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатыны және жаппай сананы қалай өзгертетіні туралы көзқарастармен  бөліседі.

                  Бұл «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізгі функциялары мен ерекшеліктеріне назар аударып, осы бағдарламаның  маңыздылығын атап өтті: "бұл жаңғырту  бұрынғысынша тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге қатысты болуы тиіс. Керісінше, уақыт сынағынан өткен озық дәстүрлерді табысты қайта жандандырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғырту елдің ұлттық-рухани тамырларынан нәр ала алмаса, ол адаса бастайды. Сонымен қатар, рухани жаңғыру ұлттық сананың әр түрлі полюстерін үйлестіре алатын күшпен маңызды". Белгілі болғандай, саяси, экономикалық реформаларда егеменді ел бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол өз алдына адами және рухани құндылықтар құндылықтар , жастарды тәрбиелеу, оларға патриоттық сезімге тәрбиелеу жұмыстарында рухани салаға артықшылық беру қажеттілігін қояды. Бұл ұлттың барлық ұлттық дәстүрлерін, мемлекеттік тіл мен әдебиетті, мәдениетті, ұлттық рухты қайта жаңғыртуды білдіреді. Біздің рухани қайта құруымыз, руханиятқа, білім беру, ғылым мен берілуіміздің мәні-тез қарқынмен алға жылжу және ілгерілеу ұлттың қозғаушы күші. Бұл тәуелсіз елдің бақытты болашағы мен алаңсыз күндері  үшін жасалатын жұмыс. Бұл жеке азаматтар үшін де, жеке алынған әрбір қоғам үшін де, туған ел үшін де өте маңызды процесс.

                   Президентіміздің  бағдарламалық мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

                 «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп бағдарламалық мақалад ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.

                    Осы мақаланы жаза отыра , «Білімнің салтанат құруы» бағытына ерекше назар аудардым. Бүгінде елімізде сапалы маман дайындайтын жоғары оқу орындарының қатары көп. Елдің ертеңгі іргесі берік болуы үшін бүгінгі жастардың сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы қажет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Қазіргі білім беру жүйесінің басты  мақсаты- бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және балаларға білім беретін ізденімпаз мұғалімдер даярлау болып табылады. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесіндепроблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениетті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (100.9 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club