Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рухани жаңғыру

Автор:   •  Декабрь 8, 2019  •  Реферат  •  1,925 Слов (8 Страниц)  •  4,216 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ жоғары IT – колледжі

Высший IT – колледж ВКГТУ им. Д. Серикбаева

                                      Реферат

Тема:  Рухани жаңғыру

                                                   

                                                        Выполнил студент группы  18-BT-2R

                                                        Мырзабеков Абай

                                                        Проверил преводаватель – Хасенова А.К.

Өскемен, 2019

                                                            Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

  1. Рухани жаңғырудың алты бағыты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
  2. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауындағы 5 басымдылық . . . . . 6
  3. Зерттеу бөлімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

                                                              Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

  1. Рухани жаңғырудың алты бағыты
  1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

    2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

    3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

    4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

    5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзіміз жетеді.

    6. Сананың ашықтығы Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің от басы, ошақ қасы аясында қалуынан туындайды.

    Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.

    Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.

    Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

    Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

    Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.

    Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі.
  1. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауындағы 5 басымдылық

1–Басымдылық. Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғырту;

2–Басымдылық. Бизнес–ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту;

3–Басымдылық. Макроэкономикалық тұрақтылық;

4–Басымдылық. Адам капиталының сапасын жақсарту;

5–Басымдылық. Инститионалды түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресу.

                                     1.3 Зерттеу бөлімі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасы

Нақты бәсекелікке бастайтын үш бағдарламасын қолдау және игеру арқылы, біз жетістіктерге жете аламыз. Цифрлы Қазақстан. Үш тілде білім беру. Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Аталған үш бағдарламаның ішінде Үш тілде білім беру жүйесі іске асу үстінде. Мектеп, жоғары оқу орындарында үш тілде білім беру, көп тілді меңгеру жан-жақты талқылануда. Қанша тіл білсең, сонша адамсың деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыға технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі.
Таяу жылдардағы міндеттер

– Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөззді, оқулықтарды, бәрінде латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиісспіз.

– Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы.

– Туған жер бағдарламасы білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүрізуді, экологияны жақсартуға жәнеелді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді жерілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

– Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы Мәдени–географиялық белдеудің рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу–ағарту дайындығын жүргізу қажет.

– Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеті жобасы

– Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы.Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы сан алуан этнос өілдерінің тарихы.

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.

Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.

Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.

Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын қолға аламыз.

...

Скачать:   txt (19.4 Kb)   pdf (97.1 Kb)   docx (15 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club