Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар
Автор: Elmira75 • Октябрь 27, 2018 • Эссе • 255 Слов (2 Страниц) • 1,384 Просмотры
"Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар". Мақала рухани байлықты нығайту жөнінде болды. Рухани байлықтың кемел, күшті болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, жеке азаматтардан жасақталғанеліміз үшін де өте маңызды. Ақыл-ойы толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны анық. Оснау құндылықтарды қалай игеретініміз және ол арқылы қайда жететініміз нақты көрсетілген. Сонымен қатар, таяу жылдардағы міндеттердің ішінде латын әліпбиіне көшуіміз де жан-жақты талданып, айтылған. Бұл – ғаламдық ақыл-ойға, ғылымға жақын бәсекеге қабілетті болуға бастайтын үлкен қадамның бірі.
Латын әліпбиі – әлем елдерімен терезесі тең, рухани күші біріккен түркі әлемін өркендету үшін қолымыздағы кілт іспеттес. Келешекте толықтай жаңа әліпбиге көшсек дүниежүзіндегі 15 миллион қазақтың жазуын бірізділікке келтіріп, басын біріктірер едік.
Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші байлық – жер, екінші байлық – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болғаны айқындалады. Егер де, Мәңгі ел боламыз десек, онда біз мәңгі қалатын тілімізді, әліпбиімізді жасандырып, одан әрі көркейте түсуіміз қажет.
Жаңа әліпбиге неғұрлым тез ауысып, сол арқылы болашаққа бағдарымызды анықтай алсақ, күн сайын қарыштап дамып келе жатқан әлемдік ғылым мен техника және ақпараттық кеңістікке енуіміз оңайырақ болмақ.
Жас ұрпақ бойына сапалы білім, саналы тәрбиені сіңіруі, жан-жақты дамып, жеті жұрттың тілін меңгеруі, жаһандық өркениет көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті болып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуы да жаңа әліпбимен ұштаса шарықтау шегіне жететін секілді.
«Бәйтерек
...