Повышение качества знаний обучающихся путем использования в процессе урока развивающих технологий
Автор: Ayjan Babayewa • Ноябрь 4, 2022 • Статья • 1,098 Слов (5 Страниц) • 196 Просмотры
Аннотация
Автор мақалада сабақ үрдісінде дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру, сонымен бірге дамыта оқыту технологиясының техникалық білім беру жүйесінде қолдану формалары мен ерекшеліктері жайлы сөз етеді.
Аннотация
В статье рассматриваются повышение качества знаний обучающихся путем использования в процессе урока развивающих технологий. Представлены
формы применения и особенности развивающего обучения в системе технического образования
Abstract
In this article, the rise of knowledge quality of students is revealed by means of using developing technology in the process of lesson conducting. The forms of implementation and features of developing learning in the system of technical education is given in the article.
Сабақ үрдісінде дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру.
«Жақсы оқу – біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгерту» Я.А. Коменский
Президент Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан халқына жолдауына білім беру жүйесінің мазмұны мен ұйымдастырылуындағы мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар тәсілдер анықталған. «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет». Оқыту ісінде жаңа тәсілдер дайындау, өзара нұсқаулық - ақпараттық қатынастан білім алуға деген сұраныстарды қанағаттандыруға, жеке тұлғаға бағытталған өзара әрекетке көшу – педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдында қойылып отырған күрделі міндет. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. [4,10-14] Дамыта оқыту үрдісінде студент оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту үрдісінде студенттердің ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұстаймын. Ол үшін студент өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: [5,72-73]
- Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
- Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
- Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі-дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин - В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Студент алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын білуге үйреніп, әр студентке өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Мақсатым: өз іс-тәжірибемде мемлекеттік тіліміздің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, студенттердің жеке бас тұлғасын тәрбиелеу.
Міндетім: Заман талабына сай білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру, кәсіби шеберлігімді шыңдау. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Нәтижесінде, әр студент өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтеріледі. Оқыту баланың “жақын даму аймағына” негізделген: оқыту – дамыту – қабілет, Нәтижесінде баланың әрқайсысы “жеңістік жағдайға” жететіндей болу керек.[6,35-36] Дамыта оқыту жүйесінің ерекшеліктері:
- Студенттің өзінің жеке басын дамыту үшін өзінің сөзі мен ісіне талдау жасауы, өз жұмысын жоспарлауы, өз бетімен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйренуге, жақсы болуға ұтылуы.
- Оқытуда оқытушы студенттің білетіндеріне сүйенеді. Студенттің білімі, мәдениеттілігі, ойы, сезімі, бір нәрсені анық түсінуі оған өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Студент - оқу субъектісі, ол студент емес, оқытушының бағыт беруімен өзін оқытатын жеке тұлға.
- Жұмыс істеуге студенттердің өзін істеуге үйрету. Қарапайым зерттеулер арқылы студенттің теориялық білімінің қалыптасуы.
- Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, студенттің ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Дамыта оқыту ең алдымен өткізгелі отырған оқу материалының негізінде, оның сонымен, дамыта оқыту, түсіндіру – сипаттау арқылы оқыту түрінің орнына келе жатқан, студенттерді жұмыстандыратын оқу тәсілі. Ол жеке тұлғаның барлық сапаларын дамытады. Оқу-тәрбие үрдісінде дамыту технологиясын қолдану арқылы студенттердің бойында ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық, қызығушылық, біліктілікті арттыру қабілеттері қалыптасады. Бұған айғақ пән бойынша өткізілген сабақтарым, сыныптан тыс сағаттарым, студенттермен жүргізілген курстық және ғылыми жұмыстарым. [5,39]
Дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық қағидалары:
...