Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістері
Автор: bolimbetov • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 5,017 Слов (21 Страниц) • 1,302 Просмотры
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
___________________кафедрасы
Мәнжазба
Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістері
Орындаған: _____Диана
Тексерген:_____________
Ақтөбе
2021
ЖОСПАР
Кіріспе
1.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
2. Ғылыми-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері.
3. Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері.
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогика – үнемі дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми – теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:
Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп тараған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектіліерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.
Интервью алу әдісі. Бұл педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілген әңгімелеоден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.
Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әр түрлі әрекеттердің, көңіл-күйлердің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.
Мектеп құжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
...