Энергия және қозғалыс, экология және тұрақты даму тақырыптарын оқыту әдістері
Автор: Nurs0215 • Ноябрь 27, 2022 • Реферат • 446 Слов (2 Страниц) • 492 Просмотры
[pic 1]
6 - БӨЖ
Тақырыбы: Энергия және қозғалыс, экология және тұрақты даму тақырыптарын оқыту әдістері.
Орындаған: Жиенбаева Нұрсұлу
Тексерген: Абулгазиев Андрей
Әлемді өзгертетін жаңалықтар тақырыбын оқыту әдістері
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: Дәрістің мәтінін, қосымша білім көздерін пайдаланып әлемді өзгертетін жаңалықтар тақырыбын оқыту әдістерін ашып көрсету.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: оқулықтар эектронды тақта, қосымша білім көздері.
Жұмыстың барысы:
Ынтымақтастық құру «Мінезің қандай?» әдісі.
Оқушыларға түрлі геометриялық фигуралар (кеспе қағаздар) беріледі. Сол кеспе қағазда жазылған мінез өзінің мінезіне сейкес келеме келмейтіндігі туралы сөз етеді. Сол геометриялық фигуралардың көмегімен оқушыларды «Геометриялық фигуралар» әдісі бойынша 4 топқа біріктіруге болады
Сен көшбасшысың, үнемі белсенді болып жүргенді ұнатасың (1 топ)[pic 2]
С ен еңбекқорсың, оқығанды жақсы көресің, үйренгенді жақсы көресің (2 топ)[pic 3]
Сен өте шығармашыл адамсың, сенен ғажайып түрлі идеялар мен ойлар шығады (3 топ)[pic 4]
1-тапсырма. «Джигсо» әдісі бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. 3 топқа оқулықтағы мәтін бөлініп беріледі. Мәтінді оқып болған соң постер қорғайды.
2-тапсырма. «Көршіңе әңгімелеп бер » әдісі бойынша оқушылар ДНК және Нобель сыйлығы туралы видеоролик көріп, танысады.
Видеоны мұқият қарап шығып, ойымен бөлісу.Оқушылар видеоны көріп, жұппен талдайды, келесі топпен ақпарат алмасады.Мультфильмді көріп болған соң топта талқылау үшін сұрақтар беріледі және өз ойларын ортаға салады.
Балаларға Нобель сыйлығы туралы әңгімелеп беріңіз, себебі бұл аса көрнекті ғылыми зерттеулер, төңкерістік ашылымдар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қомақты үлес қосқаны үшін жыл сайын берілетін беделді халықаралық жүлде.
3 - тапсырма. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі бойынша оқушылар кестені толтыру керек.
3 топқа 3 кесте беріледі.
Кестені толтырыңдар.
- топ
Ашылған жаңалықтардың мәні | Қоғам үшін маңызы | Адам үшін маңызы |
Дескриптор: Әлемде ашылған жаңалықтар, олардың адам үшін және қоғам үшін маңызын анықтайды.
2 – топ.
Жаңалық ашқан ғалымдар | Ашқан жаңалығы |
Дескриптор: Әлемде болып жатқан жаңалықтарды ашқан ғалымдар және олардың ашқан жаңалығын айтып түсіндіреді.
3- топ.
Жаңалықтар | Қай жерде қолданылды | Табиғаттағы және адам өміріндегі жаңалықтардың маңызы мен мәні |
Дескриптор:Әлемде ашылған жаңалықтардың қолданылған жерін және маңызы мен мәнін анықтайды.
...