Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы

Автор:   •  Март 6, 2019  •  Доклад  •  777 Слов (4 Страниц)  •  464 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақ деген халықтың баласымын

Мен кіммін?  Бұл сұрақты өзіме қойғанда,  әрине,  бірден ойға оралары, сәби кезімнен анамның ақ сүтімен бойға дарыған - ана тілім. Яғни,  мен қазақпын!

Мен қазақпын, қазақ тілін білетін,

Тек бір ғана сара жолмен жүретін.

Өз тілімнің қасиетін құрметтеп,

Өз елімнің намысы үшін күйетін.

Мен қазақпын, қазақ тілін сыйлайтын,

Тілім дархан кең арнаға сыймайтын.

Ата-баба мұрасындай ақ маржан,

Ескірмейтін асыл сөзді жинайтын.

Мен қазақпын, қадірлейтін өз тілімді,

Құрметтеп өтетін де өзге тілді.

Тілім менің шежіре, бір үлкен тарих,

Тұңғиық тереңдігі бір ғажайып,

             -деп жұдырықтай жүрегімдегі бар сезімімді жырлай аламын.                                             Сонымен қатар, қазақ халқы - ақ найзаның ұшымен, ақ білектін күшімен, қасық қаны қалғанша, келер ұрпақ қамы деп, елін, тілін, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қалу үшін жерін жау қолына өткізбей – жау әскерін кеудесімен жауып, жан алысып, жан беріскен – Жәнібек, Керей,  Қасым,  Есім, Тәуке, Абылай, Кенесары хандармен қоса, қазіргі кезде салиқалы саясатымен, болашаққа деген айқын бағдарлы, нық жоспарымен белін бекем буа кіріскен елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сынды стратег хандарды,  Қабанбай, Наурызбай,  Бөгенбай,  Жасыбай,  Исатай,  Махамбет,  Бауыржан,  Қайраттармен қатар, қазақтың батыр қыздары – Гауһар, Мәншүк, Әлиядай соғыс тактикасынан ешбір елдің батырларынан кем түспейтін ержүрек батырларды туған батыр халық.

Қазақ  халқы - өлең,  жыр-дастан, поэма сияқты поэзиялық және қоғамдық пайдалануға арналған сөздерден құралған туындыларды жазып, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, осы күнге дейін жалғастырып келе жатқан сөз шеберлері - Ұлы Абай, Мұхтар,  Ыбырай,  Ахмет,  Мағжан,  Мұқағали, Фариза сияқты өнер иелерін туған       ақын – жазушы халық.

От ауызды, орақ тілді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйін айтқан Майқы,  Аяз би, Жиренше, Әйтеке, Қазыбек, Төлелерді туған би-шешен,  әділетті халық.

Дана көріпкел, тылсым күш иелері – Қорқыт,  Мәшһүрлерді туған – ғажап халық.

...

Скачать:   txt (6.4 Kb)   pdf (38.1 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club