Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнесті бағалаудың әдіснамасы

Автор:   •  Апрель 9, 2018  •  Реферат  •  6,146 Слов (25 Страниц)  •  1,276 Просмотры

Страница 1 из 25
  1. Бағалаудың субъектісі мен объектісі
  2. Бизнес, кәсіпорын, фирма бағалаудың объектісі ретінде
  3. Бизнесті бағалаудың мақсаты

2.1 Бизнесті бағалау мақсаттары үшін ақпараттар жүйесі

2.2 Бизнесті бағалау мақсаттары үшін сыртқы ақпарат

  1. Бизнесті бағалау үшін ішкі ақпаратты дайындау

3.1 Бизнесті бағалаудың әдіснамасы

3.2 Бизнесті бағалауда пайдалы тұрғыны қолдану ерекшеліктері

  1. Бизнесті бағалауда дисконтталған ақша ағымдары әдісі

3.4 Бизнесті бағалауда кірісті капиталға айналдыру әдісі

4.1.Бизнесті бағалауда салыстырмалы тұрғының мәні.

4.2.Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы тұрғының негізгі әдістері

4.3.Салыстырмалы тұрғыдағы  бағалық  мультипликаторлар  

5.1 Бизнес бағасына шығындық тұрғының мәні.

5.2 Бинес бағасына шығындық тұрғының қолдану әдістерінің ерекшеліктері

  1. Бағалаудың объектісі мен субъектісі

Кез-келген меншік объектісінің бағалау құны объект құнының ақшалай бағасын анықтаудағы  реттелген, мақсатты процесс болып табылады.

Бағалау процессі бағалау объектісі мен бағалаушы субъектінің бар болуын ұйғарады.

 Арнайы білімі мен практикалық тәжірибесі бар кәсіби бағалаушы бағалаудың субъектісі болады.

Меншік иесі мен оның құқығы бар кез-келген меншік объектісі бағалау объектісі болып табылыды.

Әр-түрлі игіліктер бағалау объектісі бола алады – жер, ғимарат, құрылыстар мен басқа да қозғалмайтын мүлік объектілері, құрал-жабдықтар, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер (авторлық құқық, патент, сауда маркасы және т.б), кәсіпорындар, күші бар бизнес.

1-сурет – Бағалау объектілерінің түрлері

Жылжымалы мүлік: машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары.

Жылжымайтын мүлік: - ғимараттар,  құрылыс, жер телімдері, ормандар, көпжылдық  отырғызулар.

Интеллектуалдық меншік: патенттер,  сауда маркасы, ноу-хау, іскерлік атақ.

Бизнес және қаржылық активтер: бизнес, кәсіпорындар, бағалы қағаздар,  инвестициялық жобалар.

  1. Бизнес, кәсіпорын, фирма бағалаудың объектісі ретінде

Бизнес – бұл белгілі бір құрылым аймағында ұйымдастырылған нақты қызмет. Оның басты мақсаты – пайда табу. Пайда табу мақсатын іске асыратын, өнім немесе қызмет жасау процессінің ішкі мазмұнының негізі капитал болып табылады.  

Кәсіпорын, фирма – бұл бизнесті ұйымдастырудың формасы.

Бизнес – болжаулы уақыт кезеңіндегі қызметі тоқтау мүмкіндігі туралы ақпараты жоқ кәсіпорын.

Бизнес тауардың барлық белгілеріне ие және ол бағалау объектісі бола алады. Бірақ ол бағалаудың принциптерін, ыңғайлары мен әдістерін алдын ала анықтайтын, спецификалық өзгешеліктері бар тауардың ерекше түрі.

Бизнестің бағалау объектісі ретіндегі ерекшеліктері

1.Бизнес инвестициялық тауар, яғни салымдары болашақта қайтарылу мақсатымен іске асады. Кірісі мен шығысы уақытпен ажыратылған. Күтілетін пайда мөлшері белгісіз, сондықтан инвесторға сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігін есепке алуға тура келеді. Егер алыну уақыты белгіленген болашақ кіріс инвестициялық тауарға кеткен шығыннан аз болса, ол өзінің инвестициялық қызықтырушылығын жоғалтады. Сөйтіп, меншік иесі ала алатын ағымдағы болашақ кіріс тұрақтылығы сатып алушы жағынан нарық бағасының жоғарғы шегі болып табылады.

2.Бизнес жүйе болып табылады, бірақ оның тұтас жүйе ретінде де жеке оның тармақтары тіпті элементтері ретінде де сатылу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда оның нақты жеке капиталмен, нақты экономикалық ұйымдастырушылық нысанмен қатынасы бұзылады, бизнес элементтері өзге сапалы жаңа жүйенің қалыптастыру негізі болады. Шынында бизнестің өзі емес, ал оның жеке құрамдас бөліктері тауар болады.

3.Бұл тауарға деген сұраныс тауардың өз ішінде болып жатқан, сол сияқты сыртқы ортада болып жатқан процесстерге байланысты. Бір жағынан қоғамдағы тұрақсыз жағдайлар бизнесті аумалы етеді, ал екінші жағынан оның аумалығы қоғамдағы тұрақсыздықтың одан әрі өсуіне әкеп соғады. Бұдан бизнестің тауар ретіндегі тағы бір ерекшелігі көрінеді – сауда-саттықты реттеу қажеттілігі.

...

Скачать:   txt (84.2 Kb)   pdf (273.8 Kb)   docx (64.7 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club