Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары мен әдістері

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Реферат  •  4,183 Слов (17 Страниц)  •  606 Просмотры

Страница 1 из 17

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық» ҚММ

Реферат

«Ғылыми зерттеудің әдіснамасы, қағидалары мен әдістері»

                                                                                                              Орындаған: Тумарбекова Ж.С

Топ: 42

                                                     

                                                  Семей 2020ж.


                                                              МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ғылыми зерттеулердің методологиясы... ...5
1.1 Ғылыми жұмыстың әдіснамасы .
... ...5
1.2 Ғылыми — зерттеу жұмыстарының түрлері... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.3 Зерртеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары.............................................................................................9

2 Ғылыми Білім Әдістемесі

2.1 Ғылыми-зерттеу: оның мәні мен ерекшеліктері... ... ... ... ... ...10

2.2. Зерттеу мәселесі, объектісі және пәні ... ... ... ... ... ...10

2.3 Әдістердің жіктелуі... ... ... ... ... ...12

Қорытынды ... ... ... ... ... ...  ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ...  ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

                                                             КІРІСПЕ
Реферат жұмысының өзектілігі: Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік даму жолында тұрған асқарлы міндеттерді шешу тәжірибеге ғылыми амалдарды кеңінен енгізу талап етеді. Бұл ретте ғылымның өзі де жедел дамып, қарқыны арта түседі.
Соңғы уақыттарда елімізде ғылыми мамандарды дайындаудың жаңа нұсқасы ендіріліп, объективті және субъективті жағдайларға қарамастан педагогика ғылымында жаңашылдық үдерістер орын алуда.
Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз.
Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті, әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне, тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.
Елімізде ғылымды дамытуға зор мән беріліп отыр. Ғылымға қолдау көрсетудің бұрын-соңды болмаған, жаңа тетіктері іске асырылуда. Ел әл-ауқатының артуына байланысты ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізу талаптары күшеюде.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған. Ал Білім туралы Заңда белгіленген ғылымды басқару жүйесіндегі функцияларды нақтылау жұмыстары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басым бағыттарын қарап, бекітті. Ол бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылмақшы.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Осы аталған мәселелерді ескере отырып зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық эксперимент зерттеу әдісі деп алуымызға себеп болды.
Пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Нысаны: болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында ғылымның зерттеу міндеттерін орындауға даярлық үдерісі.

...

Скачать:   txt (57.8 Kb)   pdf (151.2 Kb)   docx (234 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club