Педагогикалық зерттеудің әдістері. Алаң
Автор: zhanel123456789 • Декабрь 16, 2023 • Творческая работа • 1,101 Слов (5 Страниц) • 128 Просмотры
Бақылау әдісі мен Салыстыру
Педагогикалық зерттеудің әдістерінің екі дүрдей ығайы мен сығайы
Әлімсақтан қырғи қабақ, қым-қуыт дау арасы,
Теке тірес тайталаспен ғұмыр кешіп ұдайы
Бас жарылып, көз шығарып, күнде дал-дұл жағасы.
Екі әулеттің ұл мен қызы көңілдері қосылып,
Опа таппай бақыт тапты тіпті қыршын жасында.
Әлқисса, сол оқиғаны сізге шертіп береміз,
Сәл шыдаңыз, алты бет деген сөз боп па!
Педагогикалық зерттеудің әдістері. Алаң. Теориялық зерттеу әдісінің қалқан асынып, семсер ұстаған қос қызметшісі Үлгілеу мен Синтез шығады.
Ү: Синтез бауырым, естідің бе? Біздің әулетімізде Салыстыру сұлудың құрметіне би кеші ұйымдастырылмақшы екен сыбыстарға сенер болсақ оған сол кеште күйеу іздемекші екен.
С: Бауырым осы сен еш жаңалықтан қалмайсың сен білмейтін дүние бар ма өзі?
Ү: Мен Үлгілеумін ғой барлық обьектілердің үлгілерін зерттеп, сол құбылыстардың түсініктемесін алмасам жүре алмаймын.
Синтез бен Үлгілеудің күлкісі естіледі.
С: Салыстыруға бала кезден ғашық екенімді білесің ғой, мен талдау барысында анықталған субьектінің жақтарының біртұтас тұтастыққа қосамын ғой. Ал Салыстыру обьектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу үшін салыстырып жүреді. Екеуміз теңдесіз жұп болатынымыз анық.
Ү: Онда екеуміз би кешіне міндетті түрде баруымыз керек қой кеш Салыстыруға арналған болса онда Жіктеу есімді сұлу құрбысыда болу керек қой.
Бұл екеуінің сөзін ағаштардың ар жағында тұрған Эмпирикалық зерттеу әдісі отбасының егіз жиендері Сауалнама және Сауалдама естіп қалады. Бұл кештің неге шырқын бұзбасқа деп отбасына және достарына айтуға асығады. Ең бірінші кезекте отбасын жинау үшін Фокус-топтың материалына барады, себебі ол талқылау мақсатында топты яғни отбасын жинайды.
Әулеттің бас анасы Мұғалімдердің тәжірбиесін зерттеу, жинақтау бұл ойға қарсы болады, ол екі әулет арасында дауға үнемі қарсы болатын соншама жыл алдын болған оқиғаның бізге не қатсысы бар деп ойлайтын. Зерттеу жұмыстарына құнды материялдар беретін бұл анаға әулет қарсы шықпайтын еді оған қарсы шығатын тек бір ғана адам болды. Ол оның асыл жары Тестілеу еді. Ол әрбір тұлғаның сипаттамасын білетін еді, және ол Теориялық зерттеу әдісі отбасының сипаттамасын ұнатпайтын еді. Балалардың бұл ойы оған ұнағандықтан ол өз рұқсатын береді. Және өзінің кіші ұлы Бақылау әдісінде қосып жібереді, ол отбасымен ешқашан қақтыға түспеген Бақылау әдісіне бұл ой қатты ұнайды, ағаларымен қуана дайындалады.
Ол мезетте Теориялық зерттеу әдісі отбасында кешке қызу дайындық болып жатады. Бұған дейін сыртқа шығып адамдармен араласпаған Салыстыру бүгін өзінің теңін табуға мүмкіндік болып тұрғанына қатты қуанып өзінің ең әдемі көйлегін киіп, дайындалып жатады. Құрбысы Жіктеуде обьектілердің біртектілігін және гетерогенділігін бірден анықтай алатын болғандықтан құрбысына көмек беруді жөн көреді.
Күн батысқа таяған уақытта Теориялық зерттеу әдісі отбасының сарайында би кеші басталып жатады. Эмпирикалық зерттеу әдісі отбасының жігіттері де кешке кіріп келуге дайн еді.Олар беттеріне бет перде тағып жәймен сарай ішіне кіре бастайды. Өздеріне назар аудармауға тырысқанымен Бақылау әдісі ортаға шығып билей бастайды, сол сәтті ол Салыстыруды байқайды оның теңіздей мөлдір көздері, жаңа піскен шиедей еріндері, қара толқынды шаштары Бақылау әдісінің бірден көзіне түседі. Тылсым сезімге ерік беріп сұлуды биге шақырады. Бет берде астындағы тылсым жігіт Салыстыруды бірден қызықтырып, өзіне баурап алады. Бақылау әдісі не үшін келгенін ұмытып өз кешін Салыстырумен өткізеді, екеуінің сөзі жарасып, 3 сағаттың қалай өткенін байқамайда
...