Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияның пәнi және оның мiндеттерi мен зерттеу әдiстері

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Контрольная работа  •  1,720 Слов (7 Страниц)  •  602 Просмотры

Страница 1 из 7

             Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

                           [pic 1]

      Семинар жұмысы

       Тақырыбы: Психологияның пәнi және оның мiндеттерi мен зерттеу әдiстері.

                                                                         Орындаған: 105ші- топ студенті

                                                                                                                              Аманбек Диас Қайратұлы

                                                                                      Тексерген:

                                                                   2020 жыл

                Пысықтау сұрақтары:

1.   Психология  ғылымы  нені зерттейді? Қысқаша анықтама беріңіз.

2.   Психикалық құбылыстарды қалай жіктеп топтастыруға болады?

      Түсініктеме беріңіз.

3.   Психологияның негізгі  салаларын атаңыз? Әрқайсысына қысқаша

      сипаттама беріңіз.

4.   Психологияның  зерттеу әдістері  дегеніміз не?

       Әрбір психологиялық әдістерді түсіндіріңіз.

5.    Бейнелеу теориясы деген не? Нақты анықтама беріңіз.

6.   Психология ғылымының алдында қандай міндеттер тұр.

Жауаптары;

    1.Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу  заңдылықтары туралы ғылым.Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстар: түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет және тағы басқалар, көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден таныс, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар. Бұлардың  әрқайсысының мағынасын тез ажыратып, бiлетiн сияқтымыз, бiрақ психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселенi ғылыми тұрғыдан баяндауды, олардың өзiндiк заңдылықтарын анықтауды сөз болып отырған «психология» ғылымы қарастырады.

    2.Адамның жан дүниесi, психикалық құбылыстарды түсiну, екi түрлi ой, екi түрлi бағыт туғызды. Олардың бiрi идеалистік бағыт, табиғат, дүние идеадан кейiн жаратылған десе, бұған қарама-қарсы ғылым, материалистік бағыттың өкілдері материя алғашқы, ал сана соңғы, ол материядан туады деп түсiндiредi.

     3.

  •   Жалпы психология: Қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондай-ақ ғылымның негізгі принциптері, оның зерттеу әдістері, психологияның әр саласында өткізілген зерттеулер негізінде талданып қорытындыланған және абстракцияланған ұғымдар жүйесі де жалпы психологияның мазмұны болып табылады. 
  •   Жас ерекшелік психологиясы: Адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің; естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясының міндеті жастық ерекшеліктерді, жасқа қатысты шақтардың біріншісінен екіншісіне өтудің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
  •    Педагогикалық психология:  Білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты, өйткені білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және индивидуалдық ерекшеліктерін ескермейінше, керекті психикалық процестерді ашу мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеу жұмыстарының мәнін дұрысырақ түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой қызметі мен мінез-құлқын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге, мүмкіндік береді.
  •     Тәлім-тәрбие психологиясы: Бұл пәннің зерттейтін мәселесі баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастырды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымдағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен  тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді.
  •    Жас кезеңдер психологиясы: Әр түрлі психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отырған азамматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынандай тармақтардан тұрады: балалар психологиясы,  жеткіншектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл салада оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен негізгі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын қандай әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады.
  •    Даму психологиясы: Психология ғылымдарының  бір саласы ретінде тұлғаның өмір сүру барысында психикалық даму процесінің динамикасын және жас ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Даму психологиясының пәні психикалық дамудың әр бір кезеңінде адамдар арасындағы даралық ерекшеліктерді зерттейді.  Онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын, практикалық бөлімінің бір бөлігі ретінде, онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндік береді.

  •   Авияциялық психология: Ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай жапсарын, жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

  •    Ғарышкерлік психология: Адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді. Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті  күрделі тармақтар да бар, олар: ауыл шаруашылығындағы шопандар мен малшыларға,  диқандар мен егіншілерге қатысты болып келеді.
  • Спорт психологиясы: Спортшыларды спортқа баулып, тәрбиелеуде психологиялық іс-әрекеттеріңдегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеп дайындайды. Спорт жетекшілері, спортқа дайындалушылардың спортқа деген дағдыларын, шеберліктерін, бейімділігін бақылап қалыптастыру заңдылықтарын меңгерулерін зерттейді.
  •   Заң психологиясы: Құқыққа қатысты мәселерлерді реттеу және оларды тәжірбие жүзінде қолданудың  психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылсым психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады. Сот психологиясы - сот, айыптаушылары, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. процестердің психологиялық астарларын қарастырады.

4.      Психикалық әрекеттi белгiлi мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгiленген және мұқият ұйымдастырылған әдiстер арқылы зерттейдi. Зерттелiнетiн адамның көп рет қайталанған iс-әрекеттерi мен қылықтары, сөз саптауы мен мимикалары ғана бiзге оның шын мағынасындағы ойлауы мен сөйлеуiнiң, сезiмi мен еркiнiң, темпераментi мен мiнезiнiң ерекшелiктерiн бiлуге көмектеседi. Адамның психологиясы, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның нәтижесiнен жақсы байқалады.

...

Скачать:   txt (19.5 Kb)   pdf (279 Kb)   docx (712.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club