Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғары споралы өсімдіктердің практикалық және медициналық маңызы

Автор:   •  Ноябрь 2, 2018  •  Реферат  •  343 Слов (2 Страниц)  •  1,552 Просмотры

Страница 1 из 2

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті

Биология

1-001 топ

Жарылгапова Балауса Медеуовна

Жоғары споралы өсімдіктердің практикалық және медициналық маңызы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер құрлықта тіршілік етуге бейімделуінің бір белгісі-денелерінің мүшелер мен ұлпаларға сарапталуымен сипатталады. Тек мүйтәрізділерден басқа, себебі оларда тамыр болмайды.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлық бөлімдерінің күрделеніп өзгеруі эволюциялық дамуды көрсетеді. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің ортақ белгісі-көбею мүшелерінің көп жасушалы болуы. Сондай-ақ олардың даму кезеңдерінде гаметофит пен спорофиттерінің міндетті түрде алмасып тұрады. Әрбір жоғары сатыдағы өсімдік өзінің онтогенездік дамуында екі фазадан өтеді. Ол жынысты және жыныссыз ұрпақ. Жынысты ұрпағын гаметофит немесе өскінше деп атайды. Ол спорадан түзіледі және гаплоидты болып келеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жұмыртқа жасушасы төменгі сатыдағы өсімдіктерге қарағанда сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді. Демек,эволюция нәтижесінде қабығының қорғаныс қызметі күрделенген. Егер көптеген балдырларда жұмыртқа жасушасы тек өз қабықшасымен ғана қапталған болса, жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерде жұмыртқа жасушасы көп жасушалы мүше-археогонийде орналасады. Ал жыныссыз ұрпақ-спорофит зиготадан түзіледі. Ол гаметофитке қарағанда диплоидты болып келеді спорофит арнаулы мүше спорангийлерде споролар түзу қызметін атқарады. Спорангийлері де диплоиды болады. Соған байланысты ол мейоз жолымен бөлініп, споралар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 9 класқа жүктейді. Олардың құрылыстарында ерекшеліктері бар. Соған байланысты қоршаған ортаға тигізетін әсері мен қолданысы түрлі болып келеді. Мүктертәрізділердегі шымтезек мүгін алсақ, ол қз бойына көп мөлшерде су жинап, қалын шым түзеп көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады, сонымен қатар шымтезек мүктерден түзілген ескі батпақтар кен ретінде қолданылады. Папортник тәрізділерге келсек, олар ормандардың компонеттерін түзіп, бақтарда сәндік үшін өсірілетін өсімдіктер  болап табылады. Сонымен қатар олардан ішқұрттарынан айыратын дәрілер жасалынады. Сондай-ақ қырықбуынтәрізділер топырақ бүлінуінен сақтайды. Ал далалық қырықбуынның жасыл сабақтарынан қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолданатын дәрі-дәрмек алынады. Қорытындылай, жоғары сатыдағы өсімдіктердің қоршаған ортаға және шаруашылық пен медицинаға әкелетін, тигізетін пайдасы мол.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (54.8 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club