Педагогикалық деонтология талаптары бойынша қарым-қатынасты қалыптастырудың ерекшеліктері
Автор: dianaasaeva • Октябрь 3, 2022 • Реферат • 2,060 Слов (9 Страниц) • 271 Просмотры
5-6 дәріс. Педагогикалық деонтология талаптары бойынша қарым-қатынасты қалыптастырудың ерекшеліктері
Н.В.Жутикова «Учителю о практике психологической помощи» еңбегінде педагогикалық деонтология ұғымына қарым-қатынас психогигиенасы тұрғысынан түсінік қалыптастырған. Бұл еңбектегі ұғымдар тiзбегi төмендегiдей:
Гигиена → Психогигиена → Қарым-қатынас психогигиенасы → Деонтология → Педагогикалық деонтология
Қарым-қатынас психогигиенасының қолдану саласына сай ерекшелiктерi мен түрлерi бар.
«Гигиена» сөзі «тазалық» сөзімен пара-пар. Дегенмен гигиена тек адам денсаулығын сақтауға бағытталған тазалықты және онымен байланысты тәжірибелік әрекеттерді ұстану ғана емес, бұл түсінік медицинада осы ғылымның маңызды бір саласын айқындау үшін қолданылады. «Қазіргі энциклопедиялық сөздікте» көрсетілген анықтамаға сүйенсек, гигиена – «өмір мен еңбектің адам денсаулығына тигізетін әсерін қарастыратын және ауруларды алдын-алуға, тіршілік етудің оңтайлы шарттарын қамтамасыз етуге, денсаулықты нығайту мен өмірді жалғастыруға бағытталған медицина саласы».
Онда қарым-қатынас психогигиенасы деген терминге төмендегідей түсіндірме-талдау жасалды. «Гигиена» деген сөз бiрден өзiне сәйкес қалыптасып қалған сабын, су, таза киiм, т.с.с. тазалыққа байланысты бейнелерді көз алдына келтіреді. Бiрақ гигиена – тазалық не соған байланысты денсаулық сақтау тәжiрибесi ғана емес, бұл iргелi медициналық ғылым, оның бiрталай ғылыми-зерттеу институттары бар. Онда қоршаған ортаның адамға әсерi, түрлi ауруларды, эпидемияларды болдырмаудың мәселелерi зерттеледi. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техника қызметтерi, профилакторийлар, денсаулық бөлмелерi, психологиялық сергiту бөлмелерi, т.б. осыған сәйкес түсiнiктер арқылы гигиена адам өмiрiнде өзіндік орынға ие болды.
Жалпы гигиенаның бiр саласы – психогигиена. Психогигиенаның басты мiндетi – адамның жүйке жүйесiнiң, жанының саулығын қалыптастырып, сақтау. Ол психопрофилактикамен (жанға төнген қауіптің алдын алу) және психотерапиямен (адамның жанына дәрi-дәрмексiз шипалы әсер ету) тығыз байланыста. Психогигиенаның бiр саласы – қарым-қатынас психогигиенасы. Бұл – психологиямен тығыз жанасқан медициналық ғылым. Қарым-қатынас заңдылықтары және оларды саналы басқару әдiстерi психология ғылымының аясындағы түсiнiктер болғанымен, басшылыққа медицина ғылымының «Зиян келтiрме!» ұстанымы алынады. Яғни қарым-қатынас психогигиенасы қоғам, топ және жеке адам жүйке жүйесiнiң, жан дүниесiнiң саулығына зиян келтiрмейтiн қарым-қатынасты насихаттап, сол саладағы әлеуметтiк бақылаудың бiр амалы болады. Қарым-қатынас психогигиенасының басты ұстанымы: «Зиян келтірме!»
Балалардың ауруға шалдығу себептерінің бірі – қарым-қатынас психогигиенасы талаптарының бұзылуы.
Педагогикалық деонтология - қарым-қатынас психогигиенасын білім, тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде қолдануды зерттейтін педагог мамандардың әдебі туралы ғылым. Деонтологияның дербес қағидалары, нормативтерi, ережелерi әрбiр мекеме және мамандық ерекшелiгiмен анықталады. Бiрақ бәрiнде «Зиян келтiрме!» ұстанымы сақталуы хақ
Қарым-қатынас психогигиена ережелерін ескере еңбек ету мұғалімнің кәсіптік парызы, деонтология талабы. Мұндай мақсатқа жету үшін мұғалім өзін-өзі жетілдіру жолына түсіп В.А. Бухваловтың, К.М. Левитанның, Г.Ю. Ксензованың, А.С. Прутченковтың, М.Р. Гинзбургтың, В.А. Кан-Каликтың, Л.П. Гримоктың, т.б. еңбектеріндегі тренингтермен, ереже-нұсқаулармен, бағдарламалармен ынталы жұмыс істеуі қажет. Осы бағытта жоғарыдағы ғылыми еңбектерді зерделей отырып құрастырылған әдістемелік нұсқаулар жүйесі мұғалімнің деонтологиялық потенциалын арттыруда пайдалы.
Қарым-қатынас психогигиенасын тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде қолдануға қатысты әдістемелік нұсқаулар:
1) Қарым-қатынастағы талаптарды бiрiктiру. Бала екіден асып үш жасқа толған кезден-ақ «Мен өзім!» – деп, өзін субъект ретiнде көрсете бастайды. 5-6 жастағы бала әр түрлі іс-әрекеттердің субъектiсi болады. Бұл кезде оның бойында өзiн субъект ретiнде іс жүзінде көрсету қажеттiлiгі туады. Дәл осы қажеттiлiк баланың мектепке баруға мүмкіншілігі бар екенін көрсететін психологиялық дайындығының деңгейiн анықтайды. Алайда мек-теп жасына дейiнгi баланың бойында, өзiн өзгертуге деген қажеттiлiгі де, қабілеті де жоқ. Бұл екеуi де мектепте оқыту кезiнде ғана қалыптасуы мүмкін.
...