Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жағар майлар үшін негіздер. Оларға қойылатын талаптар. Жағар май негіздерінің сипаттамасы және жіктелуі

Автор:   •  Ноябрь 28, 2021  •  Реферат  •  2,452 Слов (10 Страниц)  •  1,039 Просмотры

Страница 1 из 10

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ  МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Дәрілер технологиясы кафедрасы

 

Реферат

Тақырыбы:  «Жағар майлар үшін негіздер. Оларға қойылатын талаптар. Жағар май негіздерінің сипаттамасы және жіктелуі.»

 

                                             Орындаған: Мамедов А.

                                                 Тобы: 305 «Б» ФК

Қабылдаған:Рустамбекова Г

Шымкент 2014 ж

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  • Жағар майлар
  • Жағар майлардың жіктелуі.
  • Жағар майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер
  • Жағар майларға арналған негіздер.
  • Гидрофобты негіздер
  • Майлар және оның туындылары
  • Гидрофильді негіздер
  • Липофильді - гидрофильді (дифильді) негіздер
  • Эмульсиялық негіздер
  • Жағар майлардың жеке технологиясы

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебитеттер

Жағар майлар

Жағар майлар - өзінің маңыздылығын қазіргі замандағы медицинада да жоғалтпаған ежелгі дәрілік түрлердің біріне жатады.

Жағар майлардың негізгі тобы - дерматологияда ауруды және зақымдалған теріні емдейтін, сонымен бірге отоларингологияда, проктологияда қолданылатын емдік жағар майлар. Жағар майлар теріні сыртқы жағымсыз (органикалық тітіркендіргіштердің, қышқылдардың, сілтілердің және басқа тітіркендіргіштертердің) әсерлерінен қорғайтын құрал ретінде және косметикалық мақсатпен (пигменттік дақтарды кетіруге, терінің қоректендіруін жақсартуға) қолданылады. Кейінгі кездерде жағар майларды бөлек ішкі органдарды және толық ағзаны емдеу, профилактика және диагностика мақсаты (ЖМҚ) мен қолдану көзделіп отыр.

Жағар майлардың емдік әсері негізінен олардың құрамына кіретін дәрілік заттармен анықталады. Қазіргі кезде жағар май түрінде барлық фармакологиялық (антисептиктер, жергілікті антибиотиктер, гормондар, витаминдер, грибке қарсы құралдар, антибиотиктер және т.б.) топтарға кіретін дәрілік заттар босатылады. Олар бір-бірінен физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ерекшелінеді.

Жағар майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады. Жағар майлар официналдық дәрілік түрлер, МФ Хl басылымына арнайы жалпы «Жағар майлар» мақаласы енгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша, жағар майлар - теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер. Жалпы мақаладан басқа МФ ІХ, Х басылымдарына - кейбір жағар майларға жеке мақалалар енгізілген. Физико-химиялық, агрегаттық күйіне байланысты жағар майлар сұйық және қатты дәрілік түрлер аралығынан орын алады. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқыр-пластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады.

Жағар майлардың жіктелуі. Жағар майлар әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді:

  • белгіленуі бойынша;
  • қолданылатын жері бойынша;
  • дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша (технологиялық).

Белгіленуі бойынша жағар майлардың жіктелуі:

1. Қорғаныс жағар майлары. Оларды профилактикалық мақсатта теріге және кілегей қабаттарға жағу үшін, теріні улы заттардың, органикалық еріткіштердің, микроорганизмдердің әсерінен қорғау үшін қолданады. Қорғаныс жағар майларды мамандық зияндылығы бар әр түрлі өндірістерде қолданудың маңызы зор.

2. Косметикалық жағар майлар. Оларды теріні жұмсарту, қоректендіру, пигментті дақтарды кетіру, емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданады

...

Скачать:   txt (32.4 Kb)   pdf (221 Kb)   docx (23 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club