Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Автор:   •  Апрель 24, 2023  •  Реферат  •  1,749 Слов (7 Страниц)  •  214 Просмотры

Страница 1 из 7
  1. Оқытуды ұйымдастырудың  формалары.
  2. Ерік және ерік амалдары.
  3. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс-тәсілдері.

Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары  да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық, курстық жоба, дипломдық  жоба,практика, өзіндік  үй жұмысы, кеңес, емтихан,олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетін дəрісбаян (лекция). Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады. Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Оқу конференциясы – білім  арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған  оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі. Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық  тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.                                                                                                                                                                 2. Ерік дегеніміз адамның қойылған мақсатқа жетуде өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын саналы реттей алу қабілеті. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары  немесе ерік  деп атайды. Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы.  Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін  ұйымдастыруы және  басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктің атқаратын қызмет:-  Түрткілер мен мақсаттарды таңдау;- Мотивацияның жетіспеушілігінен немесе көптігі кезінде әрекетке итермелеуді реттеу;- Адам орындайтын адекватты әрекеттер жүйесіне психикалық процестерді ұйымдастыру;- Қойылған мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге бағытталған психикалық және физикалық мүмкіндіктерді жұмылдыру. Еріктің амал кезеңдері1) Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі)2) Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)3) Ниет тілектердің пайда болуы4) Ниеттер тартысы және оның біреуін қалау5) Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің біреуін қалау 6) Тоқтамға келген шешімді орындау.  3. Оқыту процесінде тәрбиеші әртүрлі әдістер пайдаланады. Оқыту әдістері- тәрбиешінің жұмыс әдістері, осының арқасында балалар білімді, іскерлікті, джағдыны игеретін болады, сондай-ақ олардың таным қабілеті дамиды. Тәсіл-әдістің бір бөлігі. Оқыту әдістері көрнекі, ауызша айту, практикалық және ойын әдістері болып белінеді. Мектепке дейінгі оқытуда көрнекілік әдістері үлкен орын алады. Оларды пайдалану көрнекіліктің дидактикалық ұстанымыне сай келеді және баланың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Балаларға жаңа білім түсіндіруде көрнекілік әдістері кеңінен қолданылады. Оған табиғи объектілерді (заттарды, құбылыстарды), көрнекі құралдарды (суреттерді, тұлыптарды,) модельдерді, үлгілерді және басқаларды көрсету жатады. Оқытудың техникалық құралдарын (диафильмдерді, кинофильмдерді, магнитофон жазбаларын, телевизия хабарларын және т. Б.) қолданудың маңызы үлкен.Бақылау — адамның қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын мақсатты, жоспарлы, азды-көпті ұзақ қабылдау. Бұл өзгеріп тұратын құбылыстарды көрсетумен байланысты. Мұның мақсаты балаларға заттарды немесе құбылыстарды көрсету ғана емес, сонымен қатар, айналадағы жағдайдағы өзгерістерді байқауды үйрету. Балалар ересек адамдардың істеп жатқан жұмыстарын, транспорт қозғалысын, жануарлардың мінез-құлқын, өсімдіктер өміріндегі, өлі табиғаттағы өзгерістерді бақылайды. Заттарды көрсеткенде балалардың назарын заттың әр түрлі жақтарына, қасиеттеріне белгілі бір объекті туралы шашыраңқы білімді біртұтас түсінікке біріктіру тәрбиешінің жетекшілік ролі болып табылады.Барлық балаларға бірдей көрсету үшін сурет үлкен, ал оған бейнеленген заттар — ірі де айқын болуға тиіс. Ауызша айту әдістері. Көрнекі әдістер сөзбен тығыз байланысты болады, керсету түсіндірумен сүйемелденеді. Түсіндіру арқасында балалардың қабылдауы анықталады. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда керсету мен түсіндіру әрқашан бірдей орын ала бермейді: «кейде көрсету кебірек орын алады, ал екінші жағдайларда түсіндіру негізгі орынға ие болады. Бұл балалардың жасына, олардың қимылды немесе жаттығуды игеру дәрежесіне байланысты. Практикалық әдістер. Балалардың алған білімдері ойларында қалуы үшін оларды практикалық іске қолданулары керек. Осыған байланысты балаларды оқытуда олардың практикалық ісін ұйымдастыруға көмектесетін, олардың жаңа білімдерді, іскерлік пен дағдыны игеруге жетелейтін әдістер қолданылады.Практикалық әдістердің маңызды элементі –балалардың алдына нақты міндет қою. Ол дайын үлгі бойынша немесе нұсқаулар бойынша тапсырма орындау болуы мүмкін. Ойын әдістері. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда ойын әдістері мен тәсілдері үлкен орын алады, бұлар балалардың оқыту мазмұнына көңілін аударып, танымдық іс-әрекет пен сәбилерге тән ойын арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Оларға дидактикалық ойындар, драмалық ойындар, қимыл ойындары, эпизодтық ойын тәсілдері жатады. Бұлардың рөлі ерекше.

...

Скачать:   txt (24.6 Kb)   pdf (118.2 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club