Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Скринингті ұйымдастырудағы участкелік мейірбикелердің рөлі

Автор:   •  Январь 31, 2018  •  Реферат  •  2,831 Слов (12 Страниц)  •  1,357 Просмотры

Страница 1 из 12

Марат  Оспанов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік

медицина  университеті

           

                               

     

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:   Мейірбике ісі

Дисциплина:   БМСК ұйымындағы мейірбике ісі

Кафедрасы:    

Курс:     3

Тақырыбы:

Скринингті ұйымдастырудағы участкелік мейірбикелердің рөлі.

Орындалу әдісі:   Мәнжазба

                                                                 Орындаған:   Зайлагиева Н.А.             

                                                             Тексерген:      Таушанова М. К.

                                     Группа:          301

                     Бағасы:

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

Қорытынды.

Кіріспе

Халық денсаулығын зерттеудің халықаралық тәжірибесі скринингтік

бағдарлама нәтижесінің жоғарылығын көрсетеді. Денсаулық сақтау деңгейі жоғары мемлекеттер скринингтік бағдарламалардың, ерте диагностиканы насихаттаудың, негізгі қауіпті факторларды азайтудың арқасында бес жылдық өміршеңдіктің 90%-дық деңгейіне қол жеткізді. Мысалы, тек холестериннің орташа деңгейін, темекі шегудің таралуын және жоғары қан қысымын төмендету есебінен Финляндияда ишемиялық жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім жағдайлары 80%-ға, Ирландияда 25-84 жас аралығындағы тұлғалар арасында ишемиялық жүрек ауруларынан болатын өлім-жітімді 48,1%-ға, АҚШ-та жүрек - қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді 100 мың халыққа шаққанда 195,4-тен 92,4-ке дейінтөмендетуге қол жеткізілді.Маммографиялық скрининг АҚШ-та, Канадада, Швецияда, Дания мен Норвегияда өткізілген зерттеулер кезінде 50 49 жастан асқан әйелдер арасында сүт безі ісігінен өлім-жітім деңгейін орта есеппен 30%-ға төмендетті. Жатыр мойыны сүртіндісінің цитологиясы Финляндия, Исландия, Швеция, Дания мен Норвегияда өткізілген зерттеу кезінде жатыр мойыны ісігінен болатын өлім-жітімді орта есеппен 80%-ға төмендеткен. Скрининг кезінде нәжістегі жасырын қанды анықтау тестін жүргізу арқылы Миннесота (АҚШ), Англия, Финляндияда өткізілген зерттеу кезінде тоқ/аш ішек ісігінен болатын өлім-жітімді орта есеппен 15%-ға төмендетуге қол жеткізілген.

Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен;

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» және «Қазақстан Жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты2014 жылғы 17 қаңтардағыҚазақстан халқына Жолдауларымен;

«Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 145 бұйрығымен реттемеленген ұлттық скринингтік бағдарлама іске асырылуда.

Негізгі бөлім

Аурулардың алдын алуда тиімді құрал халықты скринингтік тексеріп-қарау болып табылады. Медицинада скрининг (ағылшынша. screening електен өткізу) — арнайы диагностикалық зерттеуді қолдануға, оның ішінде жаппай халықты немесе оның жеке бөлігін тестілеуге негізделген қандай да бір ақау, не оның дамуының қауіпті факторы бар тұлғаны анықтау әдісі.

Скринингтің мақсаты – уақытылы емдік-профилактикалық көмек көрсету үшін ауруды немесе оған адамның бейімділігін ерте диагностикалау. Скрининг нәтижелерін зерттеліп отырған аурудың (немесе аурулар тобының) таралуын, оны дамытудың қауіпті факторлары мен оған қатыстылығын анықтау үшін қолданады.

...

Скачать:   txt (41.5 Kb)   pdf (184.4 Kb)   docx (26.9 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club