Неге мен мұғалім мамандығын таңдадым?
Автор: khamitova.ayagoz • Май 21, 2023 • Доклад • 731 Слов (3 Страниц) • 331 Просмотры
Неге мен мұғалім мамандығын таңдадым?
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биікболуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
Н.Ә.Назарбаев
«Пәрменсіз адам болса да, армансыз адам болмайды» демекші әр адамның жан дүниесінде тереңнен тамырын жайған асқақ арманы бар. Сол арман адамға еріксіз қанат бітіріп, алыс шыңға, биікке жетелейді. Биікке жетелеп қана қоймай, болашаққа деген бағдар,орындауға тиісті мақсат-талабын айқындап береді. Арманымыз неғұрлым асқақ болған сайын, көтерілер шыңымыз соғұрлым заңғар болмақ.
Барша адамзаттың бала күнінен бастап армандап ойлайтыны «өскенде кім боламын?». Осы сұрақтың төңірегінде мың толғандым десем артық айтпағаным болар. Ойлана келе жүрек қалауым бойынша бала жанының бағбаны болар аяулы ұстаз болғым келетінін түсіндім. «Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарса ғана адам өзін бақытты сезінеді» деген пікірге толықтай келісе отырып, мен осы мамандықты таңдадым. Қалаған арман-мақсатымды шындыққа айналдыру жолында орасан зор еңбек сіңіру керек екенін, сол жолда мойымай өтуге тиіс қиындықтардың бар екенін еш ұмытқан емеспін.
Ғасырлар тоғысында жаңа қадамдарға, рухани жаңғыруға аяқ басқан еліміздің келешегінің кемел, болашағының жарқын болуы «ұлтым» деп соққан қай жүректі болмасын бей-жай қалдырмасы айқын. Тәуелсіз ел аспанында қанатын құлаш жайған қырандай ертеңге зор мақсатпен, асқақ арманмен аттану – айқын қадамдарымның алдын бастамақ.
Асқақ армандар биік мақсаттарға себепкер болады. Өмірдің өткелдерінде тәуекел теңізіне қаймықпай сүңгу үшін батыл қадамдардың керегі сөзсіз. Өзімді Mugalim шәкіртақысына лайықты санауымның себебі де мақсаттарымның айқындығын дәлелдей түсетіндей. Бұл шәкіртақы менің арманымның көш басында жақсылықтың жаршысы болып тұрмақ. Кез келген адамның жетістікке жетер жолы ізденіс пен еңбектің нәтижесінде келсе, жемісі де тәтті болмақ. Осы шәкіртақының иегері атануы арқылы өзімнің елім үшін қызмет ете алар болашақ мамандық иесі боларыма сенімім арта түседі. Елімді сүйер, дәстүрін дәріптер, салтын сақтар, ел іргесіне берік қаланар ел болашағының бірі ретінде алдымнан жарқын болашақтың күтеріне сенемін. Тәуелсіз елдің еркін ойлы жас өрені ретінде армандарымды, болашағымды, өз мүмкіндіктерімді туған жеріммен, туған жерімнің болашағымен байланыстырамын. Елімнің жасампаз қадамдарымен менің де жеңісті жетістік жолымның күтеріне күмән келтірмеймін.
...