Мен педагог мамандығын таңдадым
Автор: ShirinbekAO • Апрель 7, 2021 • Эссе • 327 Слов (2 Страниц) • 1,612 Просмотры
Шырынбек Айдана Өсербекқызы
Қазақстан, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы №7 IT лицейі
Эссе «Мен педагог мамандығын таңдадым»
Ұстаз – ұлы есім
М.Әуезов
Мамандық таңдау – адам өмірінің маңызды бөлігі, ертеңгі болашағы Мамандық таңдау арқылы өміріңіздің маңызды кірпішін қалайсыз. Сондықтын да, мамандық таңдағанда: “Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймын ба?”, “Бұл мамандық маған қиындық туғызбай ма?”- деген сұрақты өзіңе қою керек. Мамандықты сүйіп, қалап, жақсы көріп таңдау керек. Барлық мамандық иесін тәрбиелейтін ол – мүғалім. “Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы” деп тауып айтқан.
Менің қалап таңдаған мамандығым – математика мұғалімі. Неге дәл математика пәнінің мұғалімі? Мектеп кезінен бастап математика пәніне қабілетім басқа пәндерге қарағанда артығырақ болды. Уақыт өте келе математикаға қызығушылығым оянып, қосымша сабақтарға қатысып, жан-жақты білім алуға тырыстым. Сабақта өткен тақырыпты түсінбеген сыныптастарыма сабақтан кейін қалып түсіндіріп, қосымша есептер шығаратынмын. Мектепте алған білімімді жоғарғы оқу орнында алып жатқан біліммен қосып, оны қосымша дамытып, балаға үйрету менің парызым деп ойлаймын. “Білгеніңді білмегенге” үйрет деген халық даналығы бар. Үйрете отырып өзің де шыңдаласың. «Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей» деген Мұхаммед пайғамбарымыздың сөздері менің мұғалім мамандығын таңдауыма әсерін тигізді.Білікті, алдыңғы қатарлы педагог болу үшін бір орында тоқтап қалмау керек. Әрқашан үздіксіз даму үстінде болу керек.
...