Неліктен экономист мамандығын таңдадым
Автор: ablmambet • Декабрь 6, 2019 • Реферат • 2,072 Слов (9 Страниц) • 452 Просмотры
[pic 1] «Технология және экология» МЕКТЕБІ
«Экономика» КАФЕДРАСЫ
«Нархоз Университеті» АҚ
(Алматы қаласы, Жандосов көшесі 55)
оқу практикасын өткені жөніндегі
ЕСЕП БЕРУІ
Практиға бағыттау : кафедраның ұсынысы
бойынша
«5В050600 - Экономика» мамандығының
1 курс студенті: Саттарханов Жәңгірхан
Байланыс: 87084146323
Кафедра тағайындаған тәжірбие жетекшісі:
аға оқытушы Бекболатова А.К.
Алматы, 2019
Орындалған (зерттелген) процестердің, рәсімдердің, әдістердің қысқаша сипаттамасы және т. б.
Мен оқу практикасын Нархоз университетінде «Рахат» АҚ, «Danone berkut» ЖШС сияқты компаниялардың қонақ дәрісінен және «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС-інде өттім. Практика ұзақтығы 17-21 маусым 2019 жыл аралығында өтті.
17 маусым 2019 жыл. Оқу практикасының мақсаты және міндеттерімен, қауіпсіздік шараларымен танысу.
Тәжірибе жетекшісі экономика мамандығында оқитын студенттерді оқу практикасының маңыздылығы мен өту мерзімі жайлы айтып берді. Студент оқу практикасы кезінде қонақтық дәрістерге кешікпей, себепсіз қалмауы қажеттілігімен қоса жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында тапсырылған жұмыстарды уақытылы орындауы керек. Жоғары курстарда өтілетін пәндермен таныстық. Пәндердің барлығы болашақта білікті маман болуға өзінің зор үлесін қосатындығына сенімдімін. Сонымен қатар, экономика ғылымының докторы, профессор Сейдахметов А.С. студенттерге дәріс оқып, болашаққа бағыт бағдар мен нұсқауларды көрсетті. Жалпы дәріс түсінікті және қызықты болды. Дәріс кезінде көптеген ақпараттар санамда қалды. Сонымен қатар студенттерді практика кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
18 маусым 2019 жыл. Экономика мамандығы бойынша атқарылатын қызметтермен танысу. Рахат АҚ өкілінен дәрісін тындау.
Рахат АҚ келген экономист маман Кесикова Далиман дәрісін экономика жайлы бастады. Рахат АҚ – Қазақстандағы кондитерлік өнім өңдіретін ең ірі өңдіріс орны. Бұл компанияның негізгі акцияларын 2013 жылы Оңтүстік Корея “LOTTE Confectionery” иеленген болатын. Компания өнімдері тек ҚР ғана емес, Қытай, Ресей, Германия сияқты елдерде экспортталады. Қазіргі күні компания акцияларының сомалық нарықтық құны – 57.600.000 млн теңге ($151,19 млн). Ал, бұл компанияның тек дамуын көрсетеді. Жалпы дәрістің мақсаты – экономика саласындағы түсінігімізді кеңейту, тек берілген ақпараттармен шектелмей, анализ жасап үйрену. Басқа компаниялармен салыстырғанда, «Рахат» АҚ-ның елімізде алатын орны үлкен. «Рахат» АҚ-ы елдегі кондитерлік өнімдер өндірісінің 43,7% - ын қамтамасыз ететін болса, ал «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасы 25,6%-ын қамтамасыз етеді. Яғни, бұл ақпараттар «Рахат» АҚ-нан келген маманның сөздерін растайды. Сонымен қатар,егер де Қазақстанның қор биржасынан түсінігімізді кеңейтсек, дивиденттер арқылы табыс табуға болатындығын айтты. Келген қонақ «экономист» маманы туралы толық түсіндіріп, «акция», «акционер», «биржа», «корпоративтік құқық» секілді экономика саласындағы терминдерге анықтама берді. Сонымен қатар, келген қонағымыз «барлық жағдай адамның өзіне байланысты», «уақытты босқа құртпау қажет» деген секілді болашаққа бағдар берді.
...