Жылумен жабдықтау көзінің жылу беру жабдығын таңдау
Автор: 6535353 • Ноябрь 9, 2020 • Реферат • 9,655 Слов (39 Страниц) • 763 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
1 Жылутұтынуды есептеу
- Жылытуға жылу шығыны
- Вентиляцияға жылу шығыны
- Ыстық сумен жабдықтауға жылу шығыны
1.4 Жылу жүктемесінің жылдық кестесін құру
- Жылу желісінің сызбасы
- Желілік су шығынын анықтау
- Пьезометриялық кесте
- Су жылу желісінің гидравликалық есебі
- Алдын ала есептеу
- Тексеру есебі
- Бу желісін есептеу
- Алдын ала есептеу
- Тексеру есебі
- Құбырлардың жылу есебі
- Жылулық оқшауламасының қалыңдығын таңдау
- Құбырлардың жылу шығындары
- Жылумен жабдықтау көзінің жылу беру жабдығын таңдау
- ЖЭО жабдықтарын таңдау
- Қазандық жабдықтарын таңдау
- Жылу көлік экономикасы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жылумен жабдықтаудың екі түрі болады – орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтауда жылу көзі мен жылуды тұтынушы бір-біріне жақын орналасады. Жылу торабы болмайды. Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтауды жергілікті (жылу жергілікті қазандықтан жабдықталады) және жеке (пеш, жылу пәтердегі қазандықтардан беріледі) деп бөлінеді.
Орталықтандырылу дәрежесіне қарай орталықтанған жылумен жабдықтауды төрт топқа бөлуге болады:
-топтық – ғимарат тобының жылуы;
-аудандық – қалалық ауданның жылуы;
-қалалық – қаланың жылуы;
-қала аралық – бірнеше қаланың жылуы.
Орталықтанған жылумен жабдықтау жүйесінің процесі үш операциядан тұрады – дайындау, көлік және жылу тасымалдағышты пайдалану.
Жылутасымалдағышты дайындау ЖЭО мен қазандықтың жылу дайындайтын қондырғыларында жүзеге асырылады. Жылутасымалдағыштың көлігі жылу торабы болып саналады. Жылутасымалдағышты пайдалану тұтынушылардың жылуды пайдалану қондырғыларында жүзеге асырылады.
Дайындау, көлік және жылутасымалдағышты пайдалануға арналған қондырғылар кешені орталықтанған жылумен жабдықтау жүйесі деп аталады.
Жылуды тұтынудың екі негізгі категориясын ажыратуға болады.
1.Еңбек пен тұрмыс шарттарының ыңғайлылығын тудыру үшін (коммуналды-тұрмыстық жүктеме). Бұған жылытуға, желдетуге және ыстық сумен жабдықтауға, конденсациялауға суды тұтыну жатады.
2. Белгілі бір сапада өнімді шығару үшін (технологиялық жүктеме).
Температураның деңгейіне байланысты жылу былай бөлінеді:
-төменпотенциалды, температурасы 150 дейін;[pic 1]
-орташа потенциалды, температурасы 150-ден 400 дейін;[pic 2]
-жоғары потенциалды, температурасы 400 жоғары. [pic 3]
Коммуналды-тұрмыстық жүктеме төменпотенциалдыға жатады. Жылу тораптарындағы максимал температура беруші құбырда 150 аспайды, кері құбырда 70 болуы керек. [pic 4][pic 5]
Технологиялық жүктемені жабу үшін қысымы 1,4 МПа болатын су буы қолданылады.
Жылу көзі ретінде ЖЭО мен қазандықтың жылу дпйындайтын қондырғылары қолданылады. ЖЭО-да жылуландыру циклының негізінде электр энергиясы мен жылуды аралас өндіру жүзеге асырылады. Жылу мен электр энергиясының жеке-жеке өндірілуі қазандық пен конденсациялық электр станцияларында жүзеге асырылады. Жеке- жеке өндірілуге қарағанда, аралас өндіруде отынның қосындылық шығыны төмен болады.
1 ЖЫЛУТҰТЫНУДЫ ЕСЕПТЕУ
БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР
Өндірістік кәсіпорындар – Электромеханикалық зауыт
Құрылыс көлемі – 380 мың м3
Цехтар бойынша бастапқы мәліметтер 1.1 кестеге жазылады.
Кесте 1.1
Ғимараттың сипаттамасы
Өндірістік кәсіпорынның цехтары | Құрылыс көлемі | Меншікті сипаттамалары, Дж/с ()[pic 6] | |
жылыту үшін | желдету үшін | ||
1.Шойын құю | 5 | 0,47 | 1,52 |
2. Болат құю | 5 | 0,47 | 0,80 |
3. Ұста | 5 | 0,65 | 0,47 |
4. Механикалық жинағыш металл жабындарының тысы | 5 | 0,65 | 0,47 |
5. Қоймалар | 10 | 0,69 | 0,23 |
6. Тұрмыстық және әкімшілік | 3,5 | 0,70 | - |
Жылумен жабдықтау ауданының климаттық мәліметтері – Казань қаласы үшін 1.2 кестеде келтірілген.
...