Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Неге мен «Жыл үздігі 2021» жастар сыйлығына лайықтымын?!

Автор:   •  Ноябрь 3, 2021  •  Эссе  •  364 Слов (2 Страниц)  •  3,277 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе[pic 1]

«Неге мен «Жыл үздігі 2021» жастар сыйлығына лайықтымын?!»

«Адамгершілігі барлар,              

басқаларға тірек болады, осыны

өздері де қалайды, басқаларға жетістікке

жетуге көмектеседі, өзіде сол

жетістікке жетуді қалайды!»

Конфуций

        Неге мен «Жыл үздігі 2021» жастар сыйлығына лайықтымын деген сұраққа жауап бермес бұрын, алдымен, «үздік» қандай болуы керек деген мағлұмат берсем.

        Менің ойымша «Үздік» деген -  біріншіден, әр саладан хабары бар, екіншіден, өзіне жүктелген міндетті сезіне білуі, ауыртпашылығына төзе білуі шарт. Әлбетте, өз саласының білгір маманы, сонымен қатар өзге саладан да хабары бар жан. Яғни, топпен жұмыс істей білуі керек, барлық пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара білуі тиіс.

        Мен өзімді «Жыл үздігі 2021» жастар сыйлығына лайықтымын деп санаймын. Себебі, өз тобымдағы бар – жоғы білінбейтін адамның әртүрлі қиын жағдайларда  немесе ұжымға тапсырылған қиын жұмысты орындау кезінде, өзімнің қабілетімді ашып көрсетіп, жауапкершілікті өз мойныма алып,  топты басқара аламын. Және кез келген жағдайда кез  келген қиындықтан шығуға тырысамын. Алдымнан кездескен кедергілерге қарамастан тек қана алдыға ұмтыламын. Үздік  ретінде өзімнің тобымдағы топ мүшелерімен бірлесе жұмыс атқарып, әрдайым жаңашылдққа дайынмын. Өз ақылымды шығармашылық ойлау қабілетіммен, ісіме деген сүйіспеншілігімді ұштастыра білемін.

        Ең бастысы   бос уақытымды тиімді пайдалану үшін және қоғамға өз пайдамды тигізу үшін Сарқан аудандық «Парыз» қоғамдық бірлестігінің еріктілер қатарының мүшесі болдым. Волонтерлік салаға 2017 жылы қадам басқан болатынмын. Ол кезде студент волонтер болып, қазіргі таңда әлеуметтік сала волонтері болып жұмыс атқарып келеміз. Волонтерлікке келудегі ең басты себебім: бойымдағы бар біліміммен бөлісу. Мақсатым  бұл:  қоғамға пайдамды тигізу және өз ісіммен өзгелерге үлгі болу. Алдағы уақыттағы жоспарым еріктілік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарымызды ұлғайтуға өз үлесімді қосып, еріктілер санын арттыру. Осындай игі істер арқылы  қоғамға өз пайдамызды тигізу. Атқарған  жұмыстарымыздың нәтижесінде  ұйымның жеткен жетістіктері өте көп.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (75.9 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club