Менің алғашқы ұстазым
Автор: Асылзат Сейіл • Октябрь 3, 2022 • Эссе • 334 Слов (2 Страниц) • 1,405 Просмотры
’Менің алғашқы ұстазым,,
Ұстаз ұлы тұлға. Ұлы болғаны соншалықты, ұлы ғалым да ұстаздан шығады. Яғни, өмірде бір нәрсені игеру үшін ұстаздан тәлім алу керек.
Ұстаздан шәкірт озса нағыз мәртебе. Шәкірттің озғаны мұғалімнің жақсы, білімді екенін көрсетеді. Біз мектеп оқушылары болашақта ұстаздан озып шығатынымызға кім кепіл. Егер де біз бір жетістікке жетіп жатсақ,ұстаздың арқасы.Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым – Меруерт Абдибаева анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Меруерт апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.Мен ұстазым сияқты алға қойған мақсатыма жеткім келеді. Ұстаздың міндеті ауыр. Бала тәрбиесін де, оқушы білімінде үйрету де өз мойнын да.Осындай бір жауапкершілікті арқалаған ұстазға қалай бас имейсің. Біз қазіргі санады ұрпақ,көзіміз ашық, оқу-білімді меңгеріп, оны нәтижеге айналдыра аласыз. Мектеп жоқ болса ,ұстаз жоқ болса біз ешқандай білім үйрене алмас едік.Өмірдің қызығы білімнен басталады.Білім болмаса біз не істер едік?Мектептің сәні де,мәні де ұстазда.Әр баланың сүйікті ұстазы болады.
...