Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Творческая работа  •  1,580 Слов (7 Страниц)  •  673 Просмотры

Страница 1 из 7

Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы  Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар, оқушылар!  Бүгінгі әдеби кешіміз ұлы ағартушы, педагог, ғалым, жазушы, қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен Ы.Алтынсариннің туғанына 180  жыл мерей тойы қарсаңында өткізгелі отырған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

№1 – слайд: Тақырыбы: «Қазақ сахарасының қоңырауы»

2-жүргізуші:

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп жолды салды.

Тәлімді тәрбиелі еңбегімен

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Ы.Алтынсарин атамыздың балаларға сабақ беріп жатқан бейнебаянына назар аударыңыздар.

№1 видео: Ы.Алтынсарин сабағынан үзінді

1-жүргізуші:

Ыбырай Алтынсарин (шын аты Ибраһим) 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының, Қостанай ауданында, Арқарағай ауылында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өмірден озып, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға алынады. Мектепті 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітіреді.

2-жүргізуші:

Ы.Алынсарин – тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы, халықтың бай тілін меңгеріп, өнер, білімге бастаушы. Ы.Алтынсарин халқын оқу, білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратушы.

1-жүргізуші:

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай

Ұрандап өлеңмен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жаныменде

Кел, балалар, оқылық деді Ыбырай.

№2 слайд: Ы.Алтынсарин өлеңдері

Ы.Алтынсарин өлеңдері

Кел, балалар, оқылық

Өнер білім бар жұрттар

Эй,жігіттер

Өзен

Өсиет өлеңі

Эй, достарым

Ананың сүюі

2-жүргізуші:

Ы.Алтынсарин жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан 1864 жылы мектеп ашты.

№3 видео: Алғашқы ашқан мектептері

1-жүргізуші:

Ұлт мектебінің іргесін қалаған Ы.Алтынсарин Торғай облысының төрт уезінде Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз алғаш 2 сыныптық қазақ мектептерін, Омбы қаласында қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебін ашады.

Қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажет мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды.Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл шаруашылық  училищесіне  өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды.

2-жүргізуші:

Алғаш рет қазақ қыздары үшін Қостанайда, Торғайда, Ақтөбеде

мектеп интернаттары ашылған.

Алғашқы еңбегі «Қазақ хрестоматиясы» Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары, көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін аударма, шығармаларын енгізген болатын. оның шығармаларының негізгі тақырыптары өнер-білім, адамгершілік, махаббат, достық, еңбек, мейірімділік, әдептілік, табиғат жайлы.

1-жүргізуші:

Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы, Ы.Алтынсариннің бірнеше әңгімелерінен дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге шақырамыз.

№3 слайд «Атымтай жомарт»

Көрініс «Атымтай жомарт»

Ән «Майлықожаның термесі»

2-жүргізуші:

А, Құдайым бала бер,

Бала берсең сана бер.

Санасыз бала бергенше,

Артынан бәрін-бәрін ала бер деп, - деп Ы.Алтынсарин өзінің мақал-мәтелдер жинағында айтқандай, әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

...

Скачать:   txt (23.2 Kb)   pdf (102.2 Kb)   docx (17.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club