Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пәнге кіріспе.Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру моделі

Автор:   •  Февраль 9, 2022  •  Лекция  •  1,582 Слов (7 Страниц)  •  471 Просмотры

Страница 1 из 7

Тақырыбы:Пәнге кіріспе.Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру моделі.

Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

1. Мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің критерийлерімен көрсеткіштері, модельдер мен компоненттері.

2. Мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің субьектісі: педагогтар, ата-аналар, оқушылар, БАҚ өкілдері, басқару органдары, қоғамдық және т.б. инклюзивті үрдістегі толеранттық субьектілері.

3.Инклюзивті білім беруді қалыптастырудағы мәліметтер жүйесі.

4.Инклюзивті білім беру режимінде жұмыс істейтін мамандарды даярлау.

5.Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар.

        1.«Инклюзивті білім беру» ұғымының мәні ағылшын термині «inclusion», яғни «кіріктірілу, ендіру» дегенді білдірсе, француз тілінен аударғанда

«inclusif» «өзіне ендіру», латын тілінен аударғанда «include» - «ену» дегенді білдіреді. Сөздіктерде инклюзивті білім беру дегеніміз – жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлықадамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу екендігі көрсетілген.

Қабылданған халықаралық құқықтық актілер адамның жынысы, нәсілі, діни, мәдени-этникалық немесе тілдік белгілері, денсаулық  жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, қашқын мәртебесі болуы, тағы басқалай белгілері бойынша еш кемсітушілікті болдырмайтын білім алу құқықтарын белгілейді. Осы ретте зерттеу нысанымызға байланысты біріншіден «инклюзивті білім беру» ұғымына берілген анықтама туралы тоқталайық.

«Инклюзивті білім беру» ұғымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ашып көрсетілген.Бұл ұғым ерекше білім алу.қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін үдеріс ретінде түсіндіріледі. Бұл жағдайда қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын қажет ететін тұлғалар (ҚР «Білім беру туралы» Заңының 1 бабы). Яғни, мәселе, ең алдымен, оқушылардың шектеулі отыр («денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындыққа тап болуда»). Бұл жағдайда дарынды балаларды емес, пайдаланылады. Яғни, мұнда да ерекше білім алу қажеттіліктері түсінігі ауқымды емес.

Инклюзивті білім беру моделінің қызмет етуінің негізгі принциптері:

1. Мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүру әрекетінің және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық саласындағы қызығушылықтарының басымдылығы;

2. Психофизикалық дамудың әртүрлі жылдамдығы бар балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескеру;

3. Дамуы тежелген жылдамдығы бар балалардың білім алу құқығын сақтау;

4. Инклюзивті үдерістерді мазмұндық, әдістемелік және әкімшілік қамтамасыз етудегі жүйелі тұғыр;

5. Мүмкіндігі шектеулі балаларды сабақтастық білім беру маршруттарын есепке алып, оқыту мен тәрбие жүйесін құру; оқыту және тәрбие жүйесін құру (білім беру моделі, арнайы білім беру, инклюзивті білім беру, әлеуметтік реабилитация, қосымша білім беру құралдары арқылы реабилитациялау, аралас модельдер және т.б.);

6. Аймақтың реабилитациялық кеңістігін құруға және қызмет етуіне бірыңғай әдіснамалық тұғырларды құру;

7. Балалар және ересектер ортасында жеке немесе әлеуметтік дезадаптация мен дисгармонияның (үйлесімсіздік) туындайтын қаупін үнемі бақылау.

Инклюзивті білім берудің негізіне, өздерінің айырмашылықтарына қарамастан барлық балаларды бірге оқытудың қажеттілігі принципі алынады.Инклюзивті білім беру тұжырымдамасына сәйкес, әрбір баланың бірегей сапалары, қызығушылықтары, қабілеттері мен білім алудағы қажеттіліктері болады, осы ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың жалпы білім беру жүйесіне қолжетімділігі болуы қажет, балалардың қажеттілігіне бағдарланған педагогикалық әдістерді қолдану негізінде осы жүйе қамтылуы керек.

...

Скачать:   txt (25.1 Kb)   pdf (125.9 Kb)   docx (16.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club