Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойынның рөлі
Автор: Omirkul_Aizhan • Октябрь 18, 2022 • Статья • 1,498 Слов (6 Страниц) • 238 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Педагогика жоғарғы мектебі
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Мақала
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойынның рөлі»
Орындаған:Әбдіқадыр Бақыткүл
Өмірқұл Айжан
Тастемір Гүлім
Павлодар қаласы, 2022жыл
Аннотация
Балабақшадағы негiзгi мәселенің бiрi - баланың тiлiн дамыту. Әрине, тіл дамыту отбасынан бастау алатыны белгілі. Өйткені баланың тiлi үлкендермен қарым-қатынаста қалыптасатын болса, баланың үлкендермен қарым-қатынасы ата-анадан, ата-әжеден басталады. Балабақша оны әрі қарай дамытады. Балабақшадағы негiзгi жұмыс «тіл дамыту» деп бағалайды ғалымдар. Өйткенi тiл - адамға табиғаттан берiлетiн, адаммен бiрге туған асыл қазынасы, зор байлығы. Тiл өте күрделі, әр түрлі салалы құбылыс болғанмен, оның әр саласының атқаратын өз қызметі бар
Кілтті сөздер: балабақша, тіл дамыту,ойын, дидактика, тәрбие, грамматика.
Одной из основных проблем в детском саду является развитие речи ребенка. Конечно, известно, что развитие речи начинается в семье. Поскольку язык ребенка формируется в отношениях со взрослыми, отношения ребенка со взрослыми начинаются с родителей, бабушек и дедушек. Детский сад развивает его дальше. По оценкам ученых, основной работой в детском саду является «развитие речи». Потому что язык — драгоценное сокровище, великое богатство, данное человеку природой, рожденное вместе с человеком. Хотя язык — очень сложное междисциплинарное явление, каждая из его ветвей выполняет свою функцию.
Ключевые слова: детский сад, развитие речи, игра, дидактика, обучение, грамматика.
One of the main problems in kindergarten is the development of the child's speech. Of course, it is known that the development of speech begins in the family. Since the child's language is formed in relationships with adults, the child's relationship with adults begins with parents and grandparents. Kindergarten develops it further. According to scientists, the main work in kindergarten is "speech development". Because language is a precious treasure, a great wealth given to man by nature, born together with man. Although language is a very complex interdisciplinary phenomenon, each of its branches has its own function.
Key words: kindergarten, speech development, game, didactics, teaching, grammar.
Балабақшадағы тәрбиелеу -оқыту жұмысында балалардың тілін ,сөздік қорларын дамытуда ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану,әрі оны іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісі бойынша балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерте отырып, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру біздің басты міндетіміз болып табылады.
Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге,қасиеті мен сапасын,түр -түсін және пішінін ажырата білуге,өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойындар мен тапсырма жаттығуларының алатын орны ерекше.
Ойынды қолдана отырып, балалардың ойлауы мен тілін дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға тырысамыз. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашуға бейімделеді.
Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған, өмірде де озады деген аталы сөздерінің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасын береді. Ойын барысында бала өзінің сүйікті әңгімелеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған . Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да, оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала бола ма?" деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтармен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этногрофтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдарда шұғылданды.
...