Контрольная работа по "Социальной педагогике"
Автор: skaiyrbekova • Февраль 3, 2021 • Контрольная работа • 1,134 Слов (5 Страниц) • 466 Просмотры
1.Ежелгі дәуірдегі мұралардың тарихи-әлеуметтік мәні қандай?
Тарихи-мәдени мұра – ұлттың рухани байлығы, елдің әлеуметтік экономикалық капиталы. Бұған дәлел бүгінде дамыған елдер ежелгі ескерткіштерін сақтау арқылы әлемдік деңгейге танытуда және сол арқылы туристерді тартып отыр. Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени мұра нысандарының саны 25 мыңнан асады . Оның 11 мыңға жуығына тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесі берілген.
Тарихи мәдени құндылықтарды қорғау және ұқыпты пайдалануға қатысты мемлекеттік реттеу мәселелері Қазастан Республикасындағы басымдық берілген міндеттердің бірі екені анық. Материалдық мұра объектілерінің сақталуын, ғылыми және мәдени пайдаланылуын қамтамасыз ету мемлекеттің өзіндік мәдениұлттық ерекшелігін дамытуға жағдай жасайды, қазіргі заманғы жаһандық және интеграциялық үдеріс жағдайында қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда тарихи, археологиялық, сәулеттік және мәдени ескерткіштердің қирауы мен мүлдем жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан, бұл проблема одан сайын өзекті бола түсуде. Орын алып отырған күрделі экологиялық, антропогендік факторлар қоршаған табиғи және мәдени ортаның жағдайына, оның маңызды құрамы болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіштердің үгітіліп қирай түсуіне ықпал етуде. Сондай жағдайда тұрған ескерткіштерді анықтау және зерттеу арнайы археологиялық зерттеу әдістерін қолдануды, әртүрлі ғылым мен білім жүйелерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа бағдарламалар мен жобалар кешенін әзірлеуді талап етеді.
Мемлекеттік биліктің ынталы органдарының (тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғаудың республикалық, облыстық, аймақтық органдары, облыстық өлкетану мұражайлары және басқа ұйымдардың) қатысуынсыз бұл мәселелерді шешу мүмкін емес. Барлық осы мемлекеттік мекемелер және биліктің жергілікті органдары (облыстық, аудандық, ауылдық әкімдіктер) кәсіби археологтармен тығыз байланыста қызмет жасауға, ұйымдастыру жұмыстары барысында оларға көмектесуге, археологиялық ескерткіштерді қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
2.Асан қайғы бабамыздың әлеуметтік педагогикалық ой-пікірлерін атап беріңіз?
ХV ғасырдағы қазақ халқының ойшыл жиһангері Асан Қайғы жырау-жер бетіне жақсылық орнатуды армандап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуды көздеген, жерұйықты іздеуші, философ. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі Томос Мор (1478-1575жж.) «Утопия» еңбегінде «утопия аралында барлық балаға бірдей білім беріледі. Барлық адамдар кең көлемде ана тілінде оқытылады» деген ой-армандары Асан Қайғы бабамыздың «Жерұйық»сияқты үлкен арманшыл идеясымен ұштасып, ұзара логикалық байланыста сипат алады. Сондай-ақ, Асан Қайғы адамға, малға жайлы қоныс табу, осы жағдайда адамдарды еңбекқорлыққа баулып, өз елінің, жерінің қасиетін түсінуді үгіттейді. Оның бұл идеясын «географиялық детерминизм» ұғымымен қабылдаймыз
3.Қазақ халқының әлеуметтік педагогикалық тәрбиесінің басқа ерекшелігі неде?
Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған.
4.Қазақ жырауларының әлеуметтік тәрбие туралы ойлары.
Бұқар, Шал ақын, Ақтанберді, Үмбетей, Доспамбет сияқты қазақ жыраулары азамат болу, адамға тән барлық құндылықтарды жинақтау, ғылым мен білімді игеру, адамгершілік, моральдық ұғымдарды толық меңгеріп, кейін ұрпаққа үйрену жайында жырлаған. Дулат Бабатайұлы адамның кісілік қасиеттерін игеру оның рухани қалыптасуына, ғылым- білімнің өлшеусіз пайдасының бар екендігін айқын білді. Оқыған адамның ой-өрісінің кең болатындығын, мәдениетінің жоғарлауына, ең бастысы, кісілікке тәрбиелейтінін айтқан. «Дулат Бабатайұлының тәлім-тәрбиелік идеялары» жайында ғылыми зерттеу жұмысы жазылады. Бұл ғылыми жұмыста жеке тұлға қасиеттілігіне философиялық, психологиялық түсінік бере келіп, осы орайда Дулат Бабатайұлы айтқан психологиялық сана-сезім, мінез-құлық, дағды туралы ой-пікірлері зерттеу нысанына алынып,талданған.
...