Контрольная работа по "Педагогике"
Автор: MadiomarovaMM • Октябрь 23, 2023 • Контрольная работа • 728 Слов (3 Страниц) • 107 Просмотры
АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Тапсырмалар: 1.В.Ф.Шаталовтың тірек - сызбамен оқыту технологиясын негізге алып, оқу материалының логикалық байланысын сақтай отырып «Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде» тақырыбына Smart Art қолдану арқылы құрылымдық –логикалық сұлба құрастырыңыз
Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым."Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Жалпы педагогика | Жас кезеңдер педагогикасы | Жоғары мектеп педагогикасы | Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасы жоғары мектеп педагогикасы |
Адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән. | Педагогиканың мектепке дейінгі және мектептік жүйелерін өз алдына бөліктер ретінде қарастырылады. | Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен. | Еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта маманданумен шұғылданады. |
Əрбiр ғылымның өзiне тəн зерттейтiн саласы жəне ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тəрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады
[pic 1]
[pic 2]
2. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері жəне оларды сипаттау. «Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л.Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп жəне тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп жəне ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет»- деген орамды пікірі білім алу өмір бойы екенін аңғартып үрғандай. Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тəрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен жəне оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық жəне экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
[pic 3]
Үздіксіз білім алу нəтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады: педагогикалық: - Өз бетімен білім алу мүмкіндігі; - Сапалы білімге қол жеткізуі; - Білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы; - Қызмет саласында əрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі, - Өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы; психологиялық: - Жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына; -Психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу; - Ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою; экономикалық: - Уақытты тиімді пайдалану; - Шығыс көздерін азайту(оқу материалдарына кететін шығын, көлік шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу т.с.с); Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы - виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитиктердің айтуынша Интернет – ең арзан оқыту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады. Тыңдаушылар мен білім алушылар үздіксіз білім алуда білім беру прцесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше Интернет желісінің көмегімен ала алады. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
...