Контрольная работа по "Педагогике"
Автор: orymbekova.asel • Октябрь 20, 2023 • Контрольная работа • 899 Слов (4 Страниц) • 137 Просмотры
- Ағымдық бақылау тапсырмалары
1. В.Ф.Шаталовтың тірек - сызбамен оқыту технологиясын негізге алып, оқу материалының логикалық байланысын сақтай отырып «Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде» тақырыбына Smart Art қолдану арқылы құрылымдық –логикалық сұлба құрастырыңыз.
[pic 1]
[pic 2]
[pic 3][pic 4]
[pic 5]
[pic 6][pic 7]
2. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері және оларды сипаттау.
Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттіліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.
Соңғы отыз жылдың ішінде үздіксіз білім мәселесі педагогикалық мәселелердің ең басты тақырыбына айналды. И.С. Якиманскаяның пікірі бойынша, «бүгінгі ұдайы және өте жылдам өзгеріп отыратын әлем үздіксіз білімсіз өмір сүре алмайды».
Үздіксіз білім беру жүйесі ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы. Бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады.
Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады:
1. Педагогикалық:
- өз бетімен білім алу мүмкіндігі;
- сапалы білімге қол жеткізуі;
- білім алушының танымдық ой- өрісінің дамуы;
- қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі,
- өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы;
2. Психологиялық:
- жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына;
- психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу;
- ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою;
3. Экономикалық:
- уақытты тиімді пайдалану;
- шығыс көздерін азайту(оқу материалдарына кететін шығын, көлік шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу.
Үздіксіз педагогикалық білім беруді ұйымдастыру білім беру мекемелерінің әралуан түрлерінің ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Оларға мыналар жатады:
- салалық оқу орындарын қоса алғанда мектепке дейінгі білім беру мекемелері
- лицейлерді, гимназияларды, пәндерді тереңдетіп оқыту мекемелерін қоса алғанда, жалпы орта білім беру жүйесінің мекемелері
- бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру мекемелері
- мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру жүйесінің мекемелері
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесінің мекемелері
Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы – виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған интернет жүйесі.
3. «ПОПС» формуласын пайдаланып мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруында тұтас педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын есепке алуының маңыздылығын көрсетіңіз.
Менің ойымша, …
Себебі, мен оны былай түсіндіремін …
Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…
Педагогикада мұғалімдерге оқушыларды тиімді оқытуға көмектесетін көптеген тәсілдер мен әдістер бар. Осындай тәсілдердің бірі-біртұтас тәсіл. Біртұтас тәсіл барлық элементтер өзара байланысты және бір-біріне әсер ететін органикалық жүйе ретінде білім беру идеясына негізделген.
Біртұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеттесу процесі.
...