Конверсиялық сөзжасам (Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесі негізінде)
Автор: Мира Муратова • Октябрь 21, 2020 • Курсовая работа • 4,493 Слов (18 Страниц) • 653 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Конверсиялық сөзжасам (Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесі негізінде)
Мамандық шифры | Оқу бөлімі |
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті | Күндізгі |
Орындаған: Транай Арайлым ҚБ-71
Тексерген: ф.ғ.к.,доцент Ө.А.Жумагулова
Бағасы:
Көкшетау, 2019
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ...........................................................................................3
1.1Конверсия тәсілдің зерттелуіне шолу ...........................................4
1.2Конверсиялық тәсілдің лингвистикалық табиғаты ...................8
1.3Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесінде
қолданылған конверсиялық процестер ..............................................15
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................17
І Кіріспе
Сөзжасам - тілдің сөз тудыру жүйесімен қатар, туынды сөздердің құрылымын және оның өзіне тән жасалу заңдылықтарын, жаңа сөздің пайда болу әдіс-тәсілін зерттейтін тіл білімінің жеке дербес бір саласы екендігі белгілі. Қай тілде де болмасын сөзжасам eртeдeн кeлe жaтқaн тілдік құбылысқа жaтaды. Қазақ тілінің қазіргі кездегі әбден қалыптасқан сөзжaсaм жүйесі де бірден пайда бола салған жоқ. Бұл әрине ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесінде. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен бaстaу алып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, екшелене келіп қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.
Сөзжасамның негізгі мәні жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, ол сөз қалай жасалады? (сөзжасамдық тәсілдері қандай), сол үлгімен тағы қандай сөздер жасауға болады? (сөзжасамдық тізбегі), туынды сөздердің жасалу үлгісі қандай? деген сұрақтар - сөзжасам білімінің басты мәселесі болып табылады. Тілімізде жaңa сөздердің жaсaлу жoлы, тәсілдері aз емес. Бірақ оларды тілімізде жалпылық жағын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілге бөледі. Олар: синтетикалық немесе мoрфoлoгиялық, aнaлитикaлық немесе синтаксистік және лексика- сeмaнтикaлық тәсілдер.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне бaйлaнысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тaрaғaн тәсіл, оның өзіндік ішкі eрeкшeліктeрі дe бар.
Тақырыптың өзектілігі: Конверсиялық тәсіл - тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым–Қожа» повесінде қолданған конверсиялық процестерді анықтау тақырыптың өзектілігін танытпақ.
Курстық жұмыстың мақсаты – Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесінде қолданған конверсиялық процестерді анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттердің шешілуі көзделді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Конверсия тәсілдің зерттелуіне шолу;
-Конверсиялық тәсілдің лингвистикалық табиғатын ашу;
-Бердібек Соқпақбаевтың «Менәі атым-Қожа» повесінде қолданған
конверсиялық процестерді анықтау.
- Конверсия тәсілінің тіл білімінде зеттелуі
Тілдегі сөздер белгілі бір сөз табына байланып қалған, өзгермейтін нәрсе емес. Олар тілдің даму барысында үнемі қозғалыста болып, бір сөз табынан екінші сөз табына ауысып, өздерінің мәні мен қызметтерін өзгертіп отырады. Жалпы тіл білімінде бұл құбылыс «конверсия» деп аталып, сөзжасамның бір жолы ретінде қарастырылады. Бұл тәсіл (конверсиялық) негізінде сөз тудыру дүние жүзіндегі көптеген тілдерде атап айтар болсам ағылшын, неміс, француз, молдаван және т,б тілдерде кең тараған құбылыс. Соның ішінде ағылшын тілінде конверсиялық тәсіл - ең көп тараған өнімді, актив тәсілдердің біріне жатады. Л.А.Уримцеваның деректерінде, қазіргі ағылшын тілінде конверсияланған сөздің саны жеті мыңнан асып жығылады деп көрсетіледі [1,3].
...