Тәуелсіздік-бабалар аманаты: Менің ата-анам
Автор: shugylass_ • Октябрь 15, 2022 • Эссе • 670 Слов (3 Страниц) • 638 Просмотры
Тәуелсіздік-бабалар аманаты:Менің ата-анам
Алғаш дүние есігін ашқаннан бастап ең қымбат байлыққа қол жеткіздім. Ол ақша емес! Ең қымбат байлық деп отырғаным ата-анам. Барлығымыз үшін әке-шешеміз жоғары саналады. Оған еш күмәнім де таласым да жоқ. Өзімнің ата-анам туралы айтар болсам мына шығарма ұзаққа созылары анық. Ата-анам жайлы қысқаша айтатын болсам, әкем-Таженов Сағатбек 1954 жылы дүниеге келген. Анам-Таженова Айгуль Малайдаровна 1969 жылы дүниеге келген. Байқағандарыңыздай әкем анамнан 15 жас үлкен. Иә, мүмкін бұл біреуге ерсі немесе күлкілі көрінер. Ал мен үшін бұл сыйластық пен махаббатқа толы жандар. Кейде әкемді менің атам деп ойлап қалатын. Әсіресе кішкентай кезімде қатарластарым әкем деп айтқанымда сеніңкіремейтін. Сол кездерде білмеймін, мүмкін балалығым шығар, неге әкем кәрі деп ойланатынмын. Кейін өсе келе бұл жайтты тереңінен түсіне бастадым. Әкем бейқам балалық шағын өткізіп, асыр салып жүргенде анам дүниеге келген. Әскер қатарына алынған жылдары анам мектепке аяқ басқан. Жалпы әкем көп өмірінің жылдарын бойдақтықпен қатар теңізде өткізген. Ол кезде еліміз әлі теңдігін алып, республика болмаған кез. Яғни ССР жылдары әкем теңізде қызмет еткен. Тіпті сол жылдары асқан еңбегімен көзге түсіп, баспасөз беттерінде оның еңбегі жайлы, теңіздегі сапарлары жайлы мақалалар шыққан. Әскер қатарынан, қызметтен оралған әкем біраз уақытын қыз іздеумен өткізген. Ол жайлы кейінірек. Ал анам жайлы айтатын болсам, жалпы анам Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында дүниеге келген. Анам бала кезінен еңбекке араласқан. Отбасында бала саны 9 болған.7 қыз 2 ұл. Анамның отбасы мал шаруасымен айналысқан. Нағашы атам шопан болған. Нағашы әжем атамның көмекшісі болған. Анамның бауырлары мал шаруашылығына еп-септі болған. Жазда жайлауда, қыста қыстауда балалық шақтарын өткізген. Нағашы атам өте зерек, сезімтал, ақкөңіл, оқыған, елге сыйлы кісі болған. Бар баласын шамасы жеткенше оқытып, сауаттарын ашып, ел қатарлы жұмысқа тұрғызу үшін аянбай күні-түні қызмет еткен. Ал әжем көп балалы ана атанып, «Алтын алқа» иегері болды. Әжем өте қонақжай, атамның сүйікті кемпірі болған. Осылайша атам анамды Н.В.Гоголь (қазіргі ҚМУ) атындағы институт тарих факультетіне оқуға түсірген. Әрине, анамда өз арманына жету үшін оқып, білім алып, қатарластарының алды болды. Солай анам оқуын бітіріп, елге оралып, жұмысқа тұрудың қамын жасап жүрген кезі болатын. Міне, осыдан әкем мен анамның табысу ғұмыр жолы басталады. Анам туған ауылым Майлытоғай ауылындағы №141 К.Сабиров атындағы орта мектепте тәжірибе жинау үшін яғни, жалпақ тілмен айтқанда практикант болып жұмысқа келеді. Ауылымздағы Құрманай есімді апамыз бар. Анам сол кісінің үйінде жатып, мектепте қызмет атқара бастайды. Бір күндері ауылдың жігіттеріне де бұл хабар жетеді. Барлығы «практикант қыз келіпті» деп сөз ете бастайды. Бұл хабар бойдақ әкемнің де құлағына жетеді. Осылайша әкем анаммен таныспақ ниетте мектеп жанын торуылдап жүрген деседі туыстарымыз. Анам да әкем де бір-біріне шынайы үлкен сыйластықпен қосылады. Қазір отасқандарына 26 жыл болды. Арада 2 жыл өткенде дүниеге шыр етіп үлкен ағам келеді. Әкем сол кезде ұлды болғанын есітіп қуанып, достарымен тойлап, ағамды қарсы алған екен. Ал ағам 4-ке келгенде ортаншы әпкем дүние есігін ашады. Ал әпкем 5-ке келгенде мен дүниеге келдім. Бір қызығы әпкем мектеп табалдырығын аттайтын жылы дүниеге келіппін. Әкем өзі әпкемді жетектеп мектепке апарған екен. Отбасым ең құнды байлықтарым. Ал анам әкеммен отасқаннан кейін осы ауылда тұрақтап, мектепте жұмыс жасай бастайды. Мұғалім болып жүріп психолог лауазымына көтеріледі. Арада жылдар салып кәсіподақ төрайымы қызметіне жоғарылайды. Төрайым болып жүріп көзге түсіп, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне көтеріледі. Жалпақ тілмен мұғалімдерге, оқушыларға жауапты. Ал әкем зейнеткер. Бізде мал шаруашылығымен айналысамыз. Әкем күндіз-түні мал қараумен айналысады. Одан бөлек әкем үй шаруасына да тиянақты. Алғаш тамақ істеуді осы әкемізден үйренгенбіз. Анам үйде тек сенбі-жексенбі күндері болады. Ал қалған кезде уақытының көбін мектепте өткізеді. Аллаға шүкір ешкімнен кем етіп өсіріп жатқан жоқ. Барлығын біздің несібеміз үшін жасап жатыр. Ағам қазір әкемнің кішігірім көмекшісі. Негізі оқуды аяқтаған. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің жкономия факультетін бітірген. Қысқаша айтар болсам, негізгі мамандығы әкім. Ал әпкем Қызылорда жоғары медицина колледжінің мейіргер ісі мамандығын бітірді. Қазір мейірбике болып жұмыс жасайды. Мен биыл 9-сынып оқушысымын. Міне, бұл ата-анамыздың зор еңбектерінің арқасында ел қатарлы оқып, білім алып жатырғанымыз. Қандай жағдай болмасын ата-анамды төбеме көтеріп өтемін. Өмір атты ұзақ сапарға алып шыққан ата-анамды ешқашан елеусіз қалдырмаймын. Мүмкін бәз біреулерге отбасым қарапайым болып көрінер. Ал мен үшін тарихта таңбасы қалатын Сағатбек пен Айгүлдің отбасы!
...