Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің атам-майдангер

Автор:   •  Октябрь 23, 2020  •  Эссе  •  581 Слов (3 Страниц)  •  2,013 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің атам майдангер

Ұлы  Отан   соғысы  бұл  талай азаматтарымыздың өмір  жалмап әкеткен  қанды  қырғын.Бұл соғыс адамдардың қатігездігі,адамшылық қасиеттерден безген жан аямаушылығы,ашкөздігінен басталды(басқа елдердін жерін тартып алып иемдену ).Осы  қан  майданда өмір үшін,жер үшін,ел үшін күрестің   нәтижесінде қазіргі таңда біздің  еліміз  бейбіт,әрі бақытты өмір кешуде.Былтыр Ұлы Отан соғысындағы жеңіске -75 жыл.Еліміздің бейбітшілігі  мен тыныштығы үшін күрескен  асыл азаматтарымыздың  есімін ұмытпай,әрқашан олардың ерен ерлігін  жадымызда  сақтау  бұл  әрқайсысымыздың  міндетіміз десек  те  артық  айтқандық  емес.

Еліміз үшін шайқас  жүргізген  азаматтарымыздың  қатарында  менің әкемнің  әкесі  - Қыстаубаев  Нәби  де  болған.Ол 1924 жылы туған.Ол сол кездегі   жетіжылдық  мектепті бітіріп,білім алып шыққан.1942 жылдан бастап ол  18 жасында  соғыс  майданына  аттанып,Ленинградтық  блокададағы 13 хим ротаның  майдан шебінде күресіп,өкінішке орай ол  жарланып,1943 жылы майданнан  мүгедек  болуына   байланысты  елге оралды.Өзінің еліне оралған  соң,ол  сақал қойып,құран оқып,теріс  әрекеттерден,зиянды әдеттерден  бойын   аулақ  салған.Соғыстан оралған соң ол өз елінде пошташы болып қызмет атқарған.Майдан жайында сұрақ қойылса  атам сол кезеңдегі өлеңді айтып отыратын:

Сталин – наша слава боевая,

Сталин – нашей юности полет!

С  песнями,борясь и  побеждая,

Наш  народ  за  Сталиным  идет!

Соғыста  күрескен атамнан оның  балалары майдан туралы,сонда  болған  оқиғалар жайлы сұраған кезде ол былай деген болатын : «Соғыс  бұл ауыр,лас,әрі  жедел атқарылуды талап ететін жұмыс» деп жауап берген.Соғыстың алғашқы кезеңдері  ауыр ,әрі  тұтқиылдан басталып,халық  бұл күреске  даяр  болмағаны бізге белгілі.Соғыстың алғашқы жылдарында ерлік көрсетіп,жаудың көзін жоюға қатысқан  атам  қанды майдандағы оқиғалар жайлы айтқан кезде немістер соғысқа жақсы  дайындалып,тіпті  соғыс  жүргізу  барысында  жан қиярлық  күресте де,олар  соғысты белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіп,оның  айтуынша әр сағатты жеке-жеке бөліп,мықты қаруланғандықтан  олармен  шайқасып,күрес  жүргізу  қиынға болды.Дегенмен  ол  бар күшін жауды жеңуге сарп етті.Елімізге  бейбіт аспан астындағы  өмірді  сыйлау  үшін  ол  жаның беруге  даяр  тұрды.Атама соғысқа  қатысқаны үшін «Медаль за отвагу», «медаль за  оборну Ленинрада», «орден  Отечественной войны» деген  төсбелгілерімен марпатталған.  Атам  1974 жылы 5 қазанда қайтыс болды.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (50 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club