Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жыр-аңыздардың нақты тарихи оқиғаға қатысы

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  3,492 Слов (14 Страниц)  •  356 Просмотры

Страница 1 из 14

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

СӨЖ

Пәні: Қазақтың тарихи жырлары

Тақырыбы: Жыр-аңыздардың нақты тарихи оқиғаға қатысы

Орындаған: Сағымбаева М.Н

                                              Тексерген: Бисенбаев П.К

Алматы қаласы, 2021 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. ЕДІГЕ ТУРАЛЫ ЖЫР-АҢЫЗДАР ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

2.2 «Қобыланды батыр» жырындағы тарихи фактілер

2.3 «ДОСАН БАТЫР» ЖЫРЫ МЕН ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР СӘЙКЕСТІГІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тарихи аңыздар -халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлык сапалармен толыккан көркем шығарма. Аныз әңгімелер тарихта болған белгiлi бiр адамдардың іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игiлiктi әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.Адыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлык жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін карапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре киялдау көп кездеспейді.

Тарихи жырлар-белгiлi бiр тарихи оқиғаға байланысты туындаған эпикалық шығармалар. Т. ж-да оқиғаның деректі дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеннiн тарихи-әлеум.қоғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан бейнеленеді, жалпыхалықтық мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан дуниеге келу, жар іздеп жолға шығу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар, сондай-ақ гиперболалық көркемдік тәсілдер Т. ж-да сақтала бермейді. Бұл жырлардың бәрі де нақты тарихи оқиғаларға негізделген, басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар.

Мен өзіндік жұмысымда жыр-аңыздар легімен таныса отырып, олардың тарихқа қатыстылығын аңғаруға тырыстым.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

        2.1. ЕДІГЕ ТУРАЛЫ ЖЫР-АҢЫЗДАР ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ

Тарихи деректер Едігенің халық жадында жағымды тұлға ретінде сақталуының да салмақты негіздері бар екенін байқатады. Оның біріншісі ретінде Едігенің кезінде Жошы ұлысына қарасты жерлер тұрғындарының, салыстырмалы түрде алғанда, ішкі жікшілдік тартыстардан да, сыртқы шабуылдардан да біршама тыныш болғанын  айтуға болады. Оған көз жеткізу үшін 1357-1382 жылдар аралығында Алтын Ордада жиырма бес хан алмасқанын еске алу лазым. Бұл тұрақсыздыққа тоқтау салғандай болған Тоқтамыс хан да ел есінде қым-қуыт тақ таласын ұйымдастырушы ретінде сақталды. 

Шындығына келгенде, Ақсақ Темір, Тоқтамыс және Едіге – үшеуінің арасын байланыстырған жағдай бұлардың Жошының ұрпақтары билеген ұлыстарда орын алған алаауыздық пен берекесіздікті өздерінің сол жерлердегі билікке қол жеткізу үшін пайдалануға ұмтылу болатын.

Тарихшы Т.Сұлтанов атап көрсеткендей, ХІҮ ғасырдың 60-70-жылдарында Алтын Ордада аласапырандар мен сарай төңкерістері кезеңі басталып, соның салдарынан Жошы ұлысының аумағында бірқатар тәуелсіз иеліктер пайда болып, оларды астанада басқарып отырған ханмен бір мезгілде әмір жүргізген билеушілер басқарып тұрды. Осы тұста Жошы ханның ұрпағы, Ақ Орданың билеушісі – Орыс хан Алтын Орданы біртұтас қуатты мемлекет ретінде біріктіруді өз парызы деп біліп, ақсүйектер құрылтайының мақұлдауымен 1374-1375 ж.ж. Алтын Орданың астанасы Сарайды алған, бірақ, неге екені белгісіз, 1375-1376 ж.ж. Ақ Орданың астанасы – Сығанаққа қайтып оралған. Сол кезде оның Тоқтамыс атты жас бақталасы шыға келеді. Жошының ұрпағы болып табылатын Тоқтамыс өз әкесі – Тойғожа басшысына бойұсынбаушылықтың салдарынан Орыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін Ақ Ордадан қашып кетіп, Ақсақ Темірге келіп паналайды [Сұлтанов, 2007:  106-107].

...

Скачать:   txt (50 Kb)   pdf (263.8 Kb)   docx (343.8 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club