Стратификация түрлері негізіндне теңсіздіктің түрлеріне нақты мысалдар
Автор: 87472829694 • Ноябрь 5, 2018 • Эссе • 699 Слов (3 Страниц) • 1,149 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина Университеті
[pic 1][pic 2]
Мамандығы:Жалпы медицина
Кафедра:Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
Дисциплина:Әлеуметтану,саясаттану,мәдениеттану
Курс:1
Тақырыбы:Стратификация түрлері негізіндне теңсіздіктің түрлеріне нақты мысалдар
Тапсырма: Эссе
Орындаған:Мұратов Серікбол
Тексерген:Молдин Бекзат Аққонысұлы
Тобы:118 А
2018ж
Біреу тоңып секірер,
Біреу тойып секірер.
деген сөздердің астында қаншама мағына бар десеңізші.Бүгінде бұл мақалды бұрынғылар басынан өткен жайлы айтып кетсе,бұл сөздер бүгінгі күнде де өзінің орнын тауып жатады.
Жалпы қоғамда әр адамның өз орны бар.Бірақ сол адамдардың жай күйі,жағдайлары білімдері әр түрлі болып келеді.Яғни бұл жайлы сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес.Қоғамда адамдардың арасында теңсіздік бар соған байланысты олардың материалдық жағдайы,әлеуметтік ортада, жүйеде алатын орны да бірдей емес.Қоғамда осындай теңсіздіктерді,жеке адамдарға қатысты білімін,материалдық жағдайын және осы құбылыстардың себептерін түсіндіруде «стратификация» терминін қолданамыз. Бұл сөз ағылшын тілінде «strata» немесе «stratium» алғашында гиологиялық қабат деген мағынаны білдірсе,ал «stratification» сөзі қабатталу деген ұғымды білдірген.
Жоғарыда айтып өткендей барлық адам теңдей дәрежеде емес.Мысалы ретінде айтар болсақ:белгілі бір қоғамдық орталарды,мекемелерді алып қарастырсақ бұл орталарда құрылымына теңсіздік айқын көрінеді,яғни сол мекеменің басшысы,сол мекеменің күзетшісі немесе еден жуушысынан білімі жағынанда мәртебесі жағынанда жоғары.Айта кетер жайт бұл теңсіздік сол құрылым аясында ғана сол мекеменің жұмыс тәртібіне байланысты.Енді осы тұлғалар бұл құрылымнан тыс мәртебелер өзгереді,яғни өз жанұясында,достарының ортасында мүлде бөлек. Ал заң тұрғысында қарастырсақ басшыда халықта қарапайым дәрежеде,яғни мемлекеттің қайнар көзі басты капиталы. Дегенмен әлеуметтік жағынан деңгейлері әр түрлі болатыны анық.Әлеуметтік теңсіздік материал жағдайының әр түрлі болуы-бұл бай және кедей болып бөлінуі.Діни тұрғыдан алып қарасақ имамдар бұны былайша түсіндіреді «жаратушы өз құлдарын жек көргеннен кедей қылмады, жақсы көргеннен бай қылмады оларға сынақ ретінде берілді» деп айтады.
...