Басқарудың жалпы және нақты функциялары
Автор: lyazzat17 • Ноябрь 12, 2021 • Реферат • 1,047 Слов (5 Страниц) • 454 Просмотры
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Мәнжазба
Тақырыбы: Басқарудың жалпы және нақты функциялары
Басшылыққа алынған әдебиет: Әлмұханбетов Б.А., Бенцион Я.С. Педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыс: келелі мәселелер, тәсілдер, шешімін іздеу. Алматы, 1998
Орындаған: Қабылберді Ләззат
Тексерген: Есенғұлова М.Н. п.ғ.к., доцент
Ақтөбе, 2020ж
Басқару процесі циклдік сипатта болады. Бүл оның көптеген әр түрлі циклдерден түратынын, олардың әрқайсысының өзінің мерзілімділігінің, өзінің тиесілік саласының, өз міндеттері мен шешілуі төсілдерінің болатынын білдіреді. Жекелеген циклді барынша жалпы күйінде мынадай буындарды құрамына енгізетін басқару процесінің кесіндісі ретінде білдіруге болады: ақпаратты алу жөне талдау, басқарушы шешімді кабылдау, білім беру мекемесінің қызметін жоспарлау, жоспарды орындау бойынша жүмысты үйымдастыру, нөтижелерді есепке алу, бақылау және талдау.
Басқару процесі бастау алатын бірінші функция мақсат қою және жоспарлау болып табылады. Бастауыш кәсіптік білім беру мекемесін басқарудағы (БКБМ) мақсат қоюшылық алдыңғы тараушаларда қарастырылды. Жоспарлау ұжымның жұмысын талдау негізінде жүзеге асырылады және жұмыстың кестесін жасауды, оның орындалуының сабақтастығы мен уақытын анықтауды, жауапты орындаушыларды айқындауды білдіреді. Білім беру мекемесінің жұмысын жоспарлаудың жүйесі оның қызметінің барлық қырын камтуы тиіс және өр түрлі жоспарлардың кешенділігінің талаптарына жауап беретіндей болуы керек. БКБМ жоспарлары оның орындалуында бүкіл қызметкерлер мен оқушылардың белсенді атсалысуын ұйғара, нақты бола отырып, үжымды үйымдастырудың нағыз әрекетшіл факторы қызметін атқарады.
Басқарудың екінші функциясы — үйымдастыру. Ұйымдастырушылық-әкімшілік қызметтің кең әрі көп қырлы болып келетін басқару қызметі түсінігімен бірдей емес екендігін ескерте кеткен жөн.
Әкімшілік қызметті біз бұйрық, жарлық берумен, ағымдық істерді атқарумен, мәселелерді шұғыл шешумен, білім беру мекемесі қызметкерлерінің немесе жекелеген қызметтердің жұмысын синхронизациялаумен, сондай-ақ ққжаттарды қүрастырумен және т.б. байланысты жетекшінің ұйымдастырушылық әрекетінің бөлігі ретінде қарастыра аламыз.
Үшінші функция — бұл үйлестіру (координация) және реттеу (регулирование). Ол педагогикалық үжымның, жекелеген қызметкерлерінің және қоғамдық үйымдардың әрекеттерін сәйкестендіруді, жағымсыз құбылыстардың ықпалын жоюды жөне жұмыстың түзетілуін білдіреді.
Басқарудың төртінші функциясы училищенің жүмысын есепке алуды ұйғарады. Жоспарда қарастырылған тапсырмалар мен шаралардың орындалуының сандық жөне сапалық есепке тіркелуі жүргізіледі. Есепке алу үшін актілер, мәжіліс, жиналыс хаттамалары, қызметкерлерді аттестациялау бойынша қүжаттар, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушыларының жүмысын талдау журналдары, атаулы кітап, теориялық жөне өндірістік оқыту есебінің журналдары пайдаланылады. Училищенің қаржылық, шаруашылық жөне өндірістік қызметін есепке алу ерекше тарауда жүргізіледі.
Бесінші функция өз қүрамына жүмысты талдау мен бақылауды енгізеді. Бүған үжымның бүкіл барлық қырындағы әрекетінің нәтижелері мен жағдайын бағалау мен тексеру жатады: қабылданған қаулылар мен тапсырмалардың орындалуын, сондай-ақ ққжаттардың атқарылуын тексеру. Сондай-ақ осы функцияға оқу-төрбие жұмысын қадағалау, ұжымның жұмысындағы сапалық жөне сандық көрсеткіштерді атап көрсету. Қол жеткен нөтижелерді белгіленген мақсаттармен салыстыру да жатады. Бақылау мен талдау барысында кері байланыстар жүзеге асады. Алынған ақпараттың негізінде жаңа шешімдер қабылданады, мақсаттар анықталады, жоспарлар белгіленеді.
...