Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XV-ші ғасырдағы жыр-толғаулар және тарихи күйлерді мектепте пайдалану әдістемелік сабақ жоспары

Автор:   •  Апрель 9, 2019  •  Курсовая работа  •  7,044 Слов (29 Страниц)  •  910 Просмотры

Страница 1 из 29

Мазмұны

Кіріспе

I ТАРАУ XV-ші ғасырдағы рухани мәдениетінің қалыптасуы.

 1.1. ХY ғасырдағы жыраулық дәстүр.

1.2. ХY ғасырдағы тарихи күйлер. 1.3. Жыраулық өнерде қолданылатын музыкалық аспаптар.

II ТАРАУ XV-ші ғасырдағы жыр-толғаулар және тарихи күйлерді мектепте пайдалану әдістемелік сабақ жоспары

2.1 Терме, толғау, жырларды сабаққа пайдалану әдісі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Көшпелі өмір аясында қалыптасып, хандық дәуірде айрықша дамыған мәдениет саласы - жыраулық енер. Оның басты репертуары - көлемді жыр (эпос), толғау, терме жанрлары. Кейіндеу туса да терме мен желдірмені музыкалық-эпикалық дәстүр аясында қарастыру орынды.

Музыкалық-эпикалықдәстүр-7-8 буынды жыр мен музыкалық- речитативтік мақам-сазға негізделген енер арнасы. Мұнда кең ауқымды созылмалы әуендер болмайды. Әрбір сөз буынына сай келетін музыкалық үн-ырғақ болады. Оны ғылым тілінде «слогонота»деп атаймыз.Тақпақсазды речитативтік әуеннің келесі бір ерекшелігі - дыбыс ауқымының (диапазоны) мелшерлі болуы. Мақам бір биіктік деңгейінде дамып, жылдам орындалады.

ХУ-ХУІІІ ғасырларда ерекше дамыған жанр - музыкалық эпос. Олай дейтініміз, бірде-бір эпостық жыр музыкалық әуенсіз орындалмаган. Речитативтік әуен эпостың ажырамас бір белігі. Эпос дегеніміз кешегі өткен ата-бабаларымыздың ерлік, елдік істері туралы көлемді жыр-дастандар. Жанры жағынан эпосты көне, қаһармандық, романдық, дастандық, тарихи деп жіктейміз. Олардың әрбіріне тән музыкалық сарындары бар. Әрқайсысының емір шындығын көрсетудегі езіндікерекшеліктері мен мүмкіндіктері тағы бар.

Жалпы хандық дәуір музыкасын зерттеп, игеру арқылы қазақ музыкасының қалыптасуы туралы толық мағлұмат алуға болады. Бүл кезеңдегі музыка мәдениеті - халқымыздың үн-әуені,толғаны- сы, сүйініші мен күйініші. Жыр жанрына тән түрлі керкемдік кесте- лер оның музыкалық әуенінің де жетіліп, дами түсуіне елеулі ық- пал еткен. Сондықтан бұл кезеңдегі музыка мәдениетін синкреттік тұтастығы тұрғысынан қарастырған жен. Кене дәуірлерден тамыр тартатын жыраулық дәстүрдің негізгі нысанасы - ел, тайпа, қоғам тағдыры, ата-бабаларымыздың ерлік, елдік іс-әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Жыраулық кәсіп - синкреттік қүбылыс: әрі енер, әрі дәстүр. Оның негізгі ерекшелігі - поэзия, музыка және орындаушылық шеберліктің бірлігінде. Жыраулық дәстүрдің өміршеңдігі оның ел тарихы мен ата-баба тағылымына негізделуімен айқындалады. Батырлықты паш ететін, ел қорғау идеясына құрылған қаһармандық жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік рухына толы кене жыр-дастандар тайпа тарихына құрылып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.

Жыраулық дәстүрді зерттеп, ғылыми тұрғыдан игеру барысын- да бірқатар іс-шаралардың атқарылғаны мәлім. Зерттеушілер тарапынан «жыраулық дәстүр», «жыраулық поэзия», «жыршылық өнер» деген тіркестер де қолданылып келеді. Бірақ осы ұғымдар- дың бір-бірінен айырмасы, болмаса бір-бірімен сабақтастығы әлі күнге арнайы сөз болған емес. Халқымыздың тарихи, мәдени, фолькпорлық мұрасы сөз болғанда алғаш ауызға ілігетін ұғымдардың бірі - дәстүр. Кең көлемде алғанда ол тарихи қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрып, салт-сана, ел естелігі, бір сөзбен айтқанда қазақ болмысының жиынтығы. Ғылыми-философиялық әдебиетте оған қоғамда ұзақ мерзім сақталатын мәдени-әлеуметтік мұра жиынтығы деген анықтама берілген. Екінші жағынан дәстүр - өнер мен поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірибесіне сүйенеді. Осыдан келіп дәстүрдің ұлттық сипаты деген ұғым туады. Бүгінде Қазақстанның кейбір аймақтарында ғана сақталып, оның өткеніне қатысты мәліметтер жеткізетін жыраулық дәстүріміздің ұлттық тарихымызға, мәдение- тіміз бен өнерімізге, әдебиетімізге қатысы аса зор. Ата-бабалары- мыздың рухымен жеткен сол дәстүрді дамытып, одан әрі жетілдіру міндеттері «Қазақстан Республикасында мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында» атап көрсетілген болатын. Оғыз заманында бой көрсеткен ұзандық өнердің кейінгі жыраулық дәстүрге арқау болғаны анық. Оғыз, қыпшақ, ноғайлы дәуірлеріндегі тарихи-этникалық үрдістер тайпа тағдыры, ел болашағын басты тақырып еткен жыраулық дәстү[Ьдің өрісін кеңейтіп, бүкіл түркі дүниесіне паш етті. Арғы жерде Тоныкөк Қорқыттан бастау алатын бұл .арна эпикалық дәстүрге ұласып, Еділ-Жайық бойындағы Асан-Қайғы, Қазтуған, «Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа т.б. жыраулар шығармашылығына арқау болды. Зерттеудің мақсаты: терең ойлы толымды толғаныс туындыларын тізбектей білген, кемел ақыл иелері, өз заманының бейнесін жыр-толғау арқылы бізге жеткізе білген жырауларды танытып, жыраулық өнерге оқушыларды баулу. Зерттеу нысаны: жыраулық өнер арқылы тәрбиелікке уйрету. Зерттеу пәні: балаларды жыраулық өнер арқылы-ақыл парасаттылыққа уйрету. Зертту міндеттері: білім алушы оқушыларға жыраулық өнер туралы алғашқы мәліметтерді меңгерту, балалардың жыраулық өнерге деген әсерлерін кеңейту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты әдебиеттерде теориялық тұрғыдан талдау,тәрбие мазмұнды бағдарламаны сұрыптау,тәжірибелік жұмыстар жүргізу. Зерттеу құрылымы:кіріспе,қортынды,әдебиеттер тізімінен тұрады.

...

Скачать:   txt (100.8 Kb)   pdf (296.9 Kb)   docx (39.1 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club