Тракторлар мен автомобильдер қозғалтқыштарының нақты циклдері
Автор: shynarabdikerova • Март 4, 2018 • Курсовая работа • 3,165 Слов (13 Страниц) • 1,481 Просмотры
Кіріспе
Аннотация
- Іштен жану қозғалтқышының теориялық циклдері................................
- Жалпы түсінік.....................................................................................
- Тракторлар мен автомобильдер қозғалтқыштарының нақты циклдері
- Жалпы мәліметтер...............................................................................
- Сору процесі.......................................................................................
- Сығу процесі.......................................................................................
- Жану процесі.......................................................................................
- Ұлғаю және шығару процестері........................................................
- Қорытынды...............................................................................................
- Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................
Кіріспе
Аннотация
Ғылыми жобада іштен жану қозғалтқыштарының циклдерін анықтау және жобалау.
1. Іштен жану қозғалтқышының теориялық циклдері
1.1 Жалпы түсінік
Іштен жану қозғалтқышында жанармайдың ішкі энергиясының механикалық энергияға айналуы кезегімен ететін бірнеше процестер арқылы іске асырылады да, оны жұмыс циклі деп атайды. Козғалтқышта жұмсалатын жылуды механикалык, жұмысқа айналдырудың пайдалылығын зерттеу үшін қозғалтқыштың түп нұсқасы болып табылатын термодинамикалық циклді талдаудан бастайды. Термодинамиканың 2-заңына сәйкес жалғыз ғана жылу шығыны болатын, қайтымды, тұйық циклді термодинамикалық цикл деп атайды. Термодинамикалық циклдің өтуі бірқатар шарттарға негізделген. Цилиндр ішінде жылуды жұмысқа айналдыру тұйық цикл бойынша мөлшері мен химиялық құрамы тұрақты, алмастырылмайтын газдың көмегімен жүзеге асады. Цикл айналымына жылу оның белгілі бір кезеңінде сыртқы ыстық арнадан түседі. Цилиндр ішіндегі газдың жылу сыйымдылығы тұрақты. Газды сығымдау мен оның ұлғаю процестері жылу алмасуынсыз жүреді. Казіргі қозғалтқыштар мына циклдердің біреуі арқылы жұмыс атқарады. Жұмыс затына жылу берілгенде [1,2,3,4,5]:
- газдың көлемі түрақты болатын цикл. Бұл цикл карбюраторлы қозғалтқыштарда болатын жану процестеріне жақын;
- газдын көлемі және қысымы тұрақты болатын цикл-аралас цикл деп аталады;
- газдың қысымы тұрақты болатын цикл.
1.2 Қорытынды циклдің термиялық пайдалы әсер коэффициентін анықтау
Піспек жоғары шекті нүктеде болған кезде үстінде пайда болатын VС кеңістік қысым камерасының аумағы немесе жану камерасының сыйымдылығы деп аталады. Піспек тӛменгі шекті нүктеде болған кезде оның үстінде пайда болған vа кеңістігі цилиндрдің толық кӛлемі деп аталады. Цилиндрдің толық кӛлемінің vа қысым камерасының аумағына VС қатынасы қозғалтқыштың сығылу дәрежесі деп аталады. Жаңа зарядпен, сұйытылған газбен толтыру, отынның жануы, газдың ұлғаюы (жұмыс жүрісі), пайдаланған газды сыртқа шығару, бұдан соң осы процестердің тағы да қайталануы, яғни кезектесіп келуі қозғалтқыштың жұмыс циклі деп аталады. Немесе, қозғалтқыштың жұмыс циклы деп қозғалтқыштың жұмысын қамтамасыз ететін барлық процестердің кезекпен алмасуын атайды.
Қозғалтқыштың жұмыс цикліне мыналар кіреді: жаңа жаңғыш қоспаның немесе ауаның толуы, жұмыс атқаратын қоспаның немесе ауаның сығылуы, отынның жануы, газдың ұлғаюы (жұмыс жүрісі), пайдаланылған газды сыртқа шығаруы, бұдан соң осы процестердін тағы да қайталанылуы, яғни кезектесіп келуі. Піспектің бір шекті нүктеден екінші шекті нүктеге қозғалысы кезіндегі жұмыс циклінін бір бөлігі ырғақ деп аталады. Қозғалтқыштың жұмыс циклі (иінді біліктің екі айналымында) піспектің төрт жүрісінде (ырғақ) аякталуы мүмкін, мұндай жағдайда қозғалтқыш төрт ырғақты деп аталады. Иінді біліктің бір айналымында (яғни піспектің екі жүрісінде немесе ырғағында) жасалатын жұмыс циклі бар қозғалтқыш екі ырғақты деп аталады. Цилиндрдегі жұмыс ырғақтарының алмасып келуі қозғалтқыштың жұмыс реті деп аталады. Піспек жоғары шекті нүктеге (ЖШН) қарай қозғалған кезде қоспа сығылады. Газдың көлемі кішірейеді, қысым мен температура артады. Жылу цилиндрдің қабырғалары арқылы алып кетілмейді, яғни қоспа адиабаттық жолмен сығылады. Газ температурасы мен қысымы арта түседі. Содан кейін тұрақты қысым кезінде жылудың біразын әкелуден құралады. Сөйтіп, газға әкелінетін барлық жылу оның ішкі энергиясынын одан әрі арта түсуіне жұмсалады. Газға берілетін жылудың саны арқылы белгіленеді. Содан кейін газ адиабаттық жолмен ұлғаяды да, піспекті тӛменгі шекті нүктеге (ТШН) карай жылжытады. Бұл кезде газ ішкі энергиясының азаю есебінен қозғалтқыш иінді білігіне берілетін механикалык жұмыс жасайды. Ұлғайған кезде газдың температурасы мен қысымы кемиді.. Ең соңында газды сығымдаудың басталуы кезіндегі күйіне дейін жеткізу үшін жылудың біразы алынып кетіледі . Бұл процес газ көлемі мен қысымы тұрақты қалпында тұрғанда етеді. Жылуды алып кету процесінде газдың температурасы мен қысымы сығылу басталатын шамаға дейін кемиді. Сөйтіп, қорытынды цикл рv координатында адиабаттық сығудан , жұмыс затына аралас жылу әкелуден (v=сопst және р=соnst), адиабаталық ұлғаюдан және аралас жылу әкетуден түрады (v=соnst және р=соnst).
...