Еңбекшіқазақ ауданының әкімі
Автор: B1245 • Август 25, 2022 • Доклад • 1,018 Слов (5 Страниц) • 210 Просмотры
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі
Қ. Сұлтанғазиевке
Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде 11-13 мамыр аралығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Тұрақты негізде ауданда ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен Есік қаласы және ауылдық округ әкімдерінің тарапынан қоғамдық-саяси ахуалды қадағалауда, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілуде және түскен мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 9-13 мамыр күндері аралығында ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Сонымен қатар, 10 мамыр күні Қайназар ауылының тұрғындары Рахат ауылдық округі аумағында орналасқан «Қайназар» және «Көмек құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері кірпіш зауыттарының алдына 10-15 адам жиналды. Тұрғындардың наразылығы – Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасының бұйрығына қарамастан кірпіш зауыттарының жұмысына көңілі толмау. Оқиға орнында Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары түсіндіру жұмыстарды жүргізді.
11 мамыр күні Тескенсу ауылдық округіне қарасты Көлді ауылы тұрғындарының шақыртуымен Көлді ауылының мәдениет үйінде Астана қаласынан Экология және геология министрлігінің, Балық шаруашылығы комитетінің басшысының орынбасары Бахиянов Аян Кайратұлы, Балқаш Алакөл инспециясының басшысы Суюбаев Алмат, балық шаруашылығын зерттеу институтының директоры Исбеков Куаныш, облыстық табиғатты қорғау басқармасының, бөлім басшысы Магзумов Айдар, Еңбекшіқазақ ауданының ауылшаруашылығы жер қатынастар бөлімінің басшысы Жакеев Ермек Ильянұлы, округ әкімі Догалов Бауыржан Бешенұлы, КТК телеарнасының журналистері, басқа да балыққа қатысты ұйымдардың өкілдері қатысты. Барлығы 159 адам. Негізгі көтерілген мәселе: Қапшағай су қоймасынан балық аулауды 5 жылға тоқтату туралы мораторийға жол бермеу; Ауылдың малын жаю үшін жайылым мәселесі. Басшылық тұрғындардың барлық сұрақтарына заң бойынша жауап берілді және шешу жолдарын заң бойынша қарастыру туралы айтты.
Мамырдың 11 күні Бәйтерек ауылында «Талгарирригация» су каналы трубаларының бітеліп қалуы әсері мен толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Бәйтерек ауылы Молодежная 2/2 мекен-жайында орналасқан Абилбаев Бахтияр Батырханұлының үйінің ауласын су басты. Оқиға орнына округ әкімі аппаратының өкілдері барып мән-жайды анықтап, сумен ағып келген қоқыстан аула тазаланды және су басу көлемі азайды.
11 мамырда қатты жаңбырдың салдарынан ауданда Есік қаласында Алматы көшесінің 55, Западная, Әбдиев 121 А мекен-жайындағы жеке тұрғын үйлердің, кондитерлік цехтың жертөлесін су басты. Сондай-ақ, Өріқті ауылы Самұрық-Новостройка тұйық көшесіне тау баурайынан жаңбыр суы ағып, басты.
Аталған мекен-жайы орныларда Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жауапты төтенше жағдайлар бөлімі мен «Есік су» мемлекеттік коммуналдық қызметкерлері шығып, жұмыс істеді.
Болған жағдайларға және басқа жағдайлардың алдын алу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта аудан әкімдігіне наразылық акцияларын, митингілерін өткізуге арыздар түскен жоқ.
Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ, аудан аумағында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жоспарына сәйкес, Сарыбұлақ ауылдық клубы 9мамыр Жеңіс күніне орай " Ерлік-мәңгі мұра" атты шара өткізді. Шараға соғыс жылдары тылда еңбек еткен ауыл тұрғыны Мукаева Шарван, ардагерлер алқасының төрағасы Ертөстік ата, әйелдер кеңесінің төрайымы Емелхан апа, т.б ардагер ұстаздар қатысты. Соғыста ерлікпен қаза тапқан ауылымыздан шыққан батырларымызға құран оқылып, ас қойылды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
...