Ел боламын десең, Бесігіңді түзе!
Автор: Zhibekganieva • Январь 28, 2024 • Эссе • 345 Слов (2 Страниц) • 122 Просмотры
Ел боламын десең, Бесігіңді түзе!
Әбунасыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген пікірінің өмірмен байланысы қандай?
«Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін»
- деген пікірді айтқанда, Әл-Фараби бабамыз елдің болашағын сеніп тапсыруға тұрарлық жастарды көргісі келген болар?!.
«Ақыл - жастан, асыл - тастан», «Жас келсе - іске» дейді атам қазақ. Алайда, сол жастар батыр бабаларымыздың алып берген тәуелсіздігі мен еркіндігіне лайық па деген сұрақ туады менде. Заманымыздың болашақ бағдарына айналады деген өскелең ұрпақтың қазіргі кездегі хал – ахуалы қандай екен? Жастар дегенімізде ойымызға бірден арыстандай айбатты, жолбарыстан да қайраты асқан бұрынғы уақыттың Абылайлары, Бауыржандары, Әлия мен Мәншүктері еске түседі. Сонау кездегі он алтыдағы жас қазақ қыздары мен қазақтың ержүрек жігіттерінің істеген ерліктері қазіргі күннің амандығының кепілдігіне айналғандай. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне баса назар аударып, перзентін бесіктен бастап адамгершілік пен имандылыққа баулыған. Сондықтан кешегі ұрпақ қандай қиыншылықты бастан өткерсе де, ана сүтімен, әке өнегесімен бойларына сіңген тәрбие-тәлімін жоғалтпады. Әйтсе де, біздің жастарымыздың басым бөлігі елге тұтқа болар жасқа жетсе де, ірілік көрсетудің орнына қу тірліктің қамын күйттеп кеткен жайы бар сияқты. Иә, бұрын елге тұтқа, жұртқа үлгі болған жігіттерді «жігіттің сырттаны», «ердің тарланы» деп атайтын. Ал қазір «қоғамдағы қазақ жігіттерін қандай аңға теңесе болады?» деген ойға қаламыз.
Шынында,
...