Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еліңді түзеймін десең бесігіңді түзе

Автор:   •  Март 18, 2023  •  Эссе  •  457 Слов (2 Страниц)  •  244 Просмотры

Страница 1 из 2

Еліңді түзеймін десең бесігіңді түзе

“Ел боламын десең бесігіңді түзе” деген Мұхтар Әуезов атамыздың кереметтей сөзі бар. Осы сөздің мән-мағынасына қаншалықты үңіліп көрдік. Тәрбие басы бесіктен, тербетілер бесіктің құндылығы тербетуші әйелден дейміз. Демек елді түзеу үшін болашақта бесік тербетер бұрымды аруларымызға, тәрбиесәне аса мән беруіміз қажет екендігін көрсетеді. Себебі “қыз бұзылса, ел бұзылады” дейді бабалар даналығы.

Қазақ ежелден қыз тәрбиесіне, қыз ғұмырына аса үлкен жауапкершілікпен, асқан байсалдылықпен қараған халық. Ел ішінде қыз балаларға арналған тәлім-тәрбиеге тұнық ырым-тыйымдар, дәстүрлер көп тараған. Солардың бірнешеуіне тоқтала өтсек.

“Қызға қырық үйден тыйым немесе қырық үйден қамқорлық жасау, қарайлау”. Қазақ деген ұлттың биікке өрлеуіне де, жайқалып, жайлануына да болашақ ана атанатын қарагөздеріміз қыдырлы қазық болатындықтан, қыз тағдыры бір ғана ата-анаға емес, жалпы елім дейтін дүйім жұртқа аманат.

Қазақ қыз баланы қорламайды. “Қыз қабағында құт бар. Қыз қабағы күрең тартса-ел жұтқа шалдығады. Қыз қабағы күлімдесе-құт қонады. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады”- деп ырымдап, қыз баланы адамзаттың бақытына, елдің берекесіне балап өткен екен ата-бабаларымыз. Қыздың ризығы дүниеге келмей тұрып, ананың құрсағында жатқанда, тұрмысқа шықпай тұрып жазылып қойылған. Асылында берекет-қыз баласында. Олар кеңшілік кезде-гүлзарың, қиыншылықта-жәрдемшің, ауырғанда күтушің. Олардың ауыртпалығын жер көтереді, несібесін Алла береді. Қыз баласын ренжітіп, беркетін алу елдің болашағына балта шабумен тең келетіндей, әсте.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (37.3 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club