Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Автор:   •  Май 13, 2018  •  Статья  •  1,192 Слов (5 Страниц)  •  1,246 Просмотры

Страница 1 из 5

Сулейманова Жаңылкүл Қалмаханбетқызы

Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогі және өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Жамбыл облысы,

Т.Рысқұлов ауданы,

Жақсылық ауылы

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар...»

Мақсаты: оқушының өзін-өзі сезінуіне және өмірді түсінуіне жағдай жасау.    

Міндеттері: 

  • адамның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесуі;
  • өзінің тұлғалық қырларымен өзгелерді таныстыруға мүмкіндік беру;
  • өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу;

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, ой бөлісу, пікір алмасу

Сабақтың көрнекілігі: стакан,су,ақ парақтар, қобдиша, айна, жүрекшелер.

Сабақтың болжамданған нәтижесі: өзіндік белсенділігін танытады, өзіне деген сенімділігі артады, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады.

Сыныбы: 9

Сабақтың жоспары:

              І.Сәлемдесу  «Сәлеметсіздерме, бұл МЕН!» 

              ІІ.Кіріспе ақпарат  

       1. «Дана  туралы әңгіме»

       2.Тренинг. «Ой бөлісу»

            ІІІ. Сергіту- жаттығуы

       3.Ойын. «Сиқырлы қорап»

       4.Тренинг. «Күн нұрындағы менің суретім»

             IV.Тематикалық бөлім  

       5.   Өміршеңдік ережелері

       6. Жаттығу «Менің жүрегімнің түбіндегі не нәрсе»

             V. Қорыту

І. Сәлемдесу «Сәлеметсіздерме, бұл МЕН!»

(Балаларға «мен» деген жазуы бар қағаздар таратылып беріледі)

Оқушылар «Мен» деген жазуы бар қағазға өз есімін, бір қасиетін және өзінің жақсы көретін ісін немесе затын жазады. Әрқайсысы өз «менін» оқып шығып, тақтаға іледі. Мысалы: «Сәлеметсіздерме, бұл мен-Жанна, мен кітап оқығанды ұнатамын».

ІІ.    Кіріспе ақпарат

Дана  туралы әңгіме

Біздің  ауданда Дана атты қыз тұрады.Ол да сендер сияқты мектепке барып, сабақ оқиды.Қысқасы ол сендерге ұқсайды.Оның бір ерекшелігі – оның ойлары. Оның ойлары әр түрлі болады. Кейде оның ойлары мерекелік отшашу сияқты жарқын және өте жылдам.Кейде оның ойлары отшашулар сияқты жарқырап ойнайды,айналасының бәрі түрлі –түсті күйге енеді.Оның басына керемет ойлар туындайды.Осы кезде оның көңіл-күйі көтеріледі,армандайды, ол мұндай кезеңдердің мүмкіндігінше ұзағырақ болғанын қалайды.Осындай кездерде  шаттанып, жүрегі қуанышқа толып,оның ойлары отшашуға ұқсап, жарқырап, мына стакандағы жылтыр суға ұқсайды.(мұғалім стаканға жылтырларды салып, таяқшамен араластырады).

Бірақ оның ойлары үнемі отшашу сияқты бола бермейді, кейбір кезде оның ойы тұнық көлге ұқсап тып-тыныш, жарқын болып тұрады. Барлық бояулар тұнық судағы шағылысуларға ұқсайды. Дананың басында мұндай ойлар келген кезде өзін жақсы,сенімді сезінеді.Ол осындай оймен мәңгілік жүргісі келеді, жан тыныштығынан айрылғысы келмейді. Біз өзімізді осылай жақсы сезінген кезде, біз айналамыздағыларға көңіліміз толады, оларды жақсы көреміз.Мұндай кезде біздің көңіл-күйіміз таза су сияқты мөлдір болады.(Мұғалім таза су құйылған стаканды көрсетеді).

Бірақ кейде Дананың көңіл күйі өте төмен болады,өзін жайсыз сезінеді. Данада болып жатқан жағымсыз ойлар жаман ауа-райына, лай суға ұқсайды.Ойлары күңгірт және қараңғы. Данаға барлығы ұсқынсыз болып көрінеді. Дананың басына осындай ойлар келгенде, ол өзін бақытсыз сезінеді. Ол өзін нашар сезінеді, оның көңіл күйі жоқ.Ол осы сәттерде бір ғана нәрсені ойлайды, тек осындай жағымсыз жағдайлардан тезірек құтылу. Біздің де көңіл-күйіміз жоқ болған кезде, ойларымыз қап-қара, бұлыңғыр суға ұқсайды. (Мұғалім стакандағы таза суға бір шөкім топырақ салады).

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (160.4 Kb)   docx (15.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club