Константин - Елена шіркеуі
Автор: akajanovna2001 • Ноябрь 1, 2018 • Творческая работа • 3,032 Слов (13 Страниц) • 733 Просмотры
Константин - Елена шіркеуі
1854 - 1856жж., Астана қаласы , Республика даңғылы (Қорқыт , 12)
Қаладағы ескі православиелік шіркеу қаланың орталық бөлігінде, Ркспублика даңғылына жаұын орналасқан. Оның құрылысы Акмолинскіде сауда қатынастары дамып, тұрғындарының сананың өсуімен байланысты.
1849 жылы 12 қыркүйекте Ақмолинск жорықты шіркеуінің священнигі Михаил Никольский шекара басшысына 1850 жылдың көктемінде шіркеу құрылысын бастау туралы өтініш білдіреді. Ағаштан тұрғызылатын шіркеудің жобасы мен сметасы 1850 жылдың маусымында даяр болады. Құрылысты жүргізу басшылығы инженер-поручик Г.А Воротниковқа - бекіністің гарнизондық инженеріне тапсырылды. Воротников фортификациялық құрылыстарды, әскери және азаматтық ғимараттарды салуда және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізуде техникалық бақылау жүргізетінді. Құрылыстың жобасы және сметасымен танысқан тәжірибелі инженер, таңдалған алаңнын геологиялық жағдайларын ескеріп, ірге тасыныңмтереңдігін азайтуды ұсынады. Осыдан барып, жер қазу жұмыстары қысқартылып, құрылыс материалдарының шығыны азаяды, қаржы тапшылығы кезеңінде орынды жағдай болады.
Омбы инженерлік басқармасы жобаға енгізілген өзгерістерді қолдайды. Шіркеу 1854 - 1856 жж. аралығында Сібір казак отрядының қазынасы есебінен салынады. Акмолинск бекінісінде шіркеу құрылысы кезінде арнайы құрылыс отряды құрылады, оған әскери отрядтың бастығы, гарнизон инженері Г.А. Воротников, Ақмолинск жорықты шіркеуінің священнигі және қала тұрғындарының өкілдері енеді. Көмитет төрағасы болып, отряд бастығы майор Сизых бекітіледі. Оның қол астындағылар, тікелей әскери міндеттерінен басқа, ұдайы құрылыста жұмыс істейді.
1853 жылы бекіністе отряд штабына арналған құрылыс салу, тозған казармаларды жөндеу, Қарқаралы жолындағы бекеттерге ағаш бөренелер даярлау жұмыстары жүзеге асыру керек болды. Бұл жұмыстарға қосымша, іс жүзінде төлемақысыз жүргізілген шіркеу құрылысының жұмыстары, әскери қызметкерлердің денсаулығы мен материалдық жағдайына кері әсерін тигізетін болды. Осы жағдайды түсінген майор Сизых шіркеу құрылысын отрядтың күшімен емес, ерікті жалдау жолымен жалғастыруды өтінді.
1854 жылдың наурызында майорға Омбыдан шұғыл пакет жеткізілді. Бұл хатта: "...Патша тақсыр Акмолиск бекінісіндегі шіркеуді киелі Константин және Елена патшалардың құрметіне салуды бұйырды" делінген. 1856 жылы 8 шілдеде собор проториериі Иоан Тропов шіркеуді киелі патшалар Константин мен Елена атымен аластайды. Шіркеудің алғашқы священнигі Михаил Никольский болды. 1858 жылдың жазында шіркеудің сыртқы әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды.
1893 жылдың 27 сәуірдегі жарлығымен Тобыл рухани консисториясы, Ақмолиск казактарының таласы бойынша, Константин - Елена шіркеуін Акмолинск станциясының алаңына көшіруге рұқсат береді. 1900 жылдың 14 мамырында станция алаңында негізі қалана бастайды. 1902 жылдың басына толығымен көшіріліп бітеді. Бұрынғысынша шіркеу жоспарында бір қабатты, крест сипатында орналасқанымен, елеулі өзгерістер пайда болдаы: шіркеу бес бағанды болады. Бұл сол кездегі ағаш құрылысындағы ресми бағытқа сәйкес келедң.
1938 жылы Константин - Еленеа шіркеуі жабылады. Крест пен қоңыраулары алынып, шіркеу мұнараын бұзып, алып тастайды.
1940 жылы ғимарат тарихи - өлкетану мұражайына беріледі. Ұлы Отан соғысының 1941 - 1942 жылдары, шіркеу ғимаратында Ақмолада құрылған 29 атқыштар дивизиясының жеке байланыс батальоны орналасады. 1942 жылы Ақмоланың дін ұстанушыларының көптген өтініштері бойынша Константин - Елена шіркеуінде құдайға құлшылық ету істері қайта жалғасын табады.
Шіркеу бір қабатты, бес бағанды, крест сипатында жоспарланған. Құрылыстың ұзындығы 33 м, ені 8 м. Шіркеуге крест бейнесін беретін екі жақ шығыңқы бөлігінің көлемі 3,6х4 м. Православие шіркеуінің күрделі әрі әсем контурлы сызықтары жоғарыға қарай созылып, ғимараттың бейнесіне жеңілділік пен көрнекілік сипат береді. Қоңыраулары ғимараттың батыс есігінің үстінде орналасқан. Бүгінгі таңда оның сырты салықтанған, соның әсерінен тастан қаланған болып көрінеді. Ескерткіш қаладағы ХІХғ. сақталған жалғыз діни құрылыс санатында құнды, сонымен қатар қала құрылысы тарихи дәуірінің белгілі кезеңдерін сипаттайды.
...